34 CMK Vra4i Spasateli 1 Жыл сайын, 1980 жылдан бастап, маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні немесе медиктер күні атап өтіледі. Біздің барлығымыз әлемде денсаулықтан маңызды әрі қымбат ештеңе жоқ екенін білеміз, және әрбір адам өмірінде бір рет болсада дәрігерге қаралуға, көмек пен емделу үшін келді.
Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару күштерінің негізін өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерінен басқа Апаттар медицинасы орталығы және 40 трассалық медициналық-құтқару пункттері құрайды, онда 110 дәрігер, 320 орта медицина қызметкері және 230 санитар еңбек етеді, олардың 400-і трассалық пункттерде тәулік бойы вахталық кезекшілік атқарады.
Олардың профилі - апаттар медицинасы. Бірақ бейбіт уақытта да АМО медиктерінде жұмыс аз емес. Табиғи апаттар мен техногендік авариялар кезінде алынған тәжірибе оларға күн сайын апат болған адамдарды құтқаруға көмектеседі.
Тек қана, ағымдағы жылдың бес айында Апаттар медицинасы орталығы бригадаларының күшімен 2 мыңға жуық шығу жасалды, 1,5 мыңға жуық зардап шеккен адам құтқарылды және медициналық көмек көрсетілді, 400-ден астам адам ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмекті дер кезінде көрсетудің жекелеген жағдайлары ғана.
Трассадағы автобустың сынуы туралы ақпарат таңғы сағат 4-те трассалық пунктке келіп түсті. «Сарышаған» ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы далада тоңып қалған адамдарға көмекке шықты. Автобустың бортында 51 жолаушы болған. Бригаданың аға дәрігері барлық медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырды. Барлық жолаушылар медиктердің тексерілуінен өтіп, уақытылы көмек көрсетіліп, қатты үсікке шалынбады.
34 CMK Vra4i Spasateli 9 Әрине, жолда сынудан ешкім сақтандырылмаған. Егер жылдың кез-келген уақытында көмекті бір-екі сағат және одан да көп уақыт күте алатын болса, ал қыста адамдар тіпті машинада отырып тоңып қалуы мүмкін, сондықтан көмек дереу қажет.
Жұмыс процесін сауатты ұйымдастыру және білікті жұмыстың арқасында 35 адам жақын жылыту пунктіне эвакуацияланды.
Ақпан айының бірінші күндерінен-ақ ауа райының күрт суықтығына, боран мен бурқасын желге байланысты Ақмола облысының жолдарында қозғалыс тоқтатылды. Осындай ауа-райы жағдайында медициналық көмек алу үшін азаматтардың өтініштерінің саны күрт өседі, бұл өте қиын іске айналып, кейде дәрігерлер мен құтқарушылардың өмірі үшін де қауіпті болады.
5 ақпанда Ақмола облысында ауа райының нашарлауы «жедел жәрдем» автокөліктеріне кедергі болды.
Ақмола облысының Нұрлы ауылында бір жасар балаға шұғыл медициналық көмек қажет болды. «Жедел медициналық жәрдем» машиналарына кентке кіру қиын ауа райы жағдайларына байланысты мүмкін болмады, сондықтан АМО-ның Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының медициналық бригадасын жіберу туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер зардап шегушіге жоғары өтімді техника – "Trecol"автокөлігінің көмегімен жетті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бала қалалық мамандандырылған ауруханаға жеткізілді.
2019 жылдың 2 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының «Жарма» трассалық медициналық-құтқару пунктіне Бішкек-Новосибирск бағытындағы автобустың жүргізушісі келіп автобустағы жолаушылырдың біреуіне - Ресей Федерациясының азаматына медициналық көмек көрсетуді өтініш білдірді.
ТМҚП дәрігерлері пациентті тексергеннен кейін ми қан айналымының жіті бұзылуы (инсульт) диагноз қойды, ер адам өте ауыр күйде, ессіз болған.
Дереу, тікелей трассалық пунктте инфузиялық терапия басталды. Алайда, науқасқа толық көлемде медициналық көмек көрсету үшін трассалық пункт орналасқан жерден 90 километр қашықтықтағы мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу қажет болды.
Шығыс Қазақстан облысы Апаттар медицинасы орталығы филиалының кезекші дәрігері санитарлық авиация қызметімен байланысты, алайда авиациялық бригаданың ұшып келуі мүмкін болмады.
Зардап шегушінің жағдайы тұрақтанғаннан кейін, науқасты Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына трассалық пункттің реанимобилімен тасымалдау туралы шешім қабылданды.
Бригада ер азаматты реанимобильде емдеу мекемесіне жеткізе отырып, сол сәтте-ақ қажетті емдеу шарасын көрсетті және ағзаларының өмірлік қызметін қадағалап отырды, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, 53-ші шақырым жолдан кейін науқас одан әрі тасымалдау үшін берілді.
Медициналық қызметкерлердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ер адамға дер кезінде көмек көрсетілді. Айта кету керек, дәрігерлік көмек «алтын сағат» деп аталатын алғашқы уақытта барынша тиімді, сондықтан алғашқы белгілерді жіберіп алмау және күре жолдық пункттің медицина қызметкерлері жасаған қажетті көмекті дер кезінде көрсету өте маңызды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Колутон өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылының аулалық аумағын су басты. Ауыл автомобиль қатынастарынан айрылды.
АМО медиктерінің медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған бригадасы бір апта ішінде тәулік бойы жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті, олардың ішінде денсаулық жағдайы шұғыл медициналық араласуды талап еткен бір жарым айлық қыз құтқарылды.
2019 жылыдың 10 сәуірде Алматы облысы Курты ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында ер адам қайтыс болды.
Оқиға туралы дабыл Алматы облысының «Курты» трассалық медициналық-құтқару пунктіне оқиға куәгерінен келіп түсті және 8 минуттан кейін медицина қызметкерлері оқиға орнында болып төрт ересек пен үш балаға көмек көрсетіп.
20 сәуір күні таңғы сағат 5-те Жамбыл облысы Қордай ауданында жол бойымен келе жатқан жолаушылар автобусы соқтығысудан қашып, аударылып қалды. ЖКО салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, 32 зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болды.
Екі трассалық пункттің бригадалары ЖКО орнына жіберілді. АМО қызметкерлері көптеген жарақат алған тоғыз зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды одан әрі емдеу үшін арнайы реанимобильмен медициналық ұйымға жеткізді.
Жол-көлік оқиғасы, өрт, су тасқыны кезінде медициналық көмек қажет болған әрбір зардап шегушіге - бұл жеке төтенше жағдай, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері үшін - әдеттегі жұмыс.
Тиісті біліктілік пен тәжірибені талап ететін кәсіптің күрделілігіне қарамастан, емделушінің одан әрі өмір сүруіне мүмкіндік беретін шешімдерді тез арада қабылдауға тура келеді, АМО дәрігерлері де әрбір құтқарылған өмірге бірдей қуанып және құтқаруға ешқандай үміт жоқ болған жағдайда әрбір оқиға үшін уайымдайды.
Апаттар медицинасының дәрігерлері, фельдшерлері шын мәнінде, зардап шеккендерге уақытында көмек көрсету үшін бәрін істей білуі тиіс әмбебап сарбаздар. Міндет қарапайым емес, бірақ мамандық - қателесуге құқығы жоқ!
 
ҚР ІІ ТЖК «АМО» ММ