Жүрек-өкпелік реанимациясы (ЖӨР) - ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіру, яғни оны жарты сағат ішінде қайтымды деп саналатын клиникалық өлім жағдайынан шығару мақсатындағы іс-әрекеттердің нақты алгоритмі. Шұғыл медициналық көмек көрсету ережелерін тек қана дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар қарапайым адамдарға да білу маңызды, өйткені уақытында жеткен және барлық ережелер бойынша орындалған ЖӨР көп жағдайда табысқа жетіп, зардап шеккенді өмірге қайтарады.
Бұл мақалада әр адам жүргізуге қол жетімді ЖӨР іс-әрекеттерінің басты кешенін талдаймыз.
Реанимация клиникалық өлім жағдайындағы зардап шеккен адам анықталғаннан кейін дереу басталуы тиіс.
Клиникалық өлім бұл – жүрек және тыныс алу қызметі тоқтағанда, бірақ, уақытылы ЖӨР көмегімен, әлі де 5-6 минут ағзаны өмірге қайтаратын мүмкіндігі сақталатын қайтымды күй. Бұл күйдің негізгі белгілеріне: сананың, тамыр соғуының, тыныс алудың болмауы және қарашықтың кеңеюі жатады.
Есте сақтаңыз! Қандай да бір әрекетті бастамас бұрын, қоршаған ортаның сіз және зардап шеккен адам үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз.
Клиникалық өлім жағдайын анықтау үшін қажет ( барлығына 10-15 секунд беріледі ):
- Ес-түс деңгейін бағалау – зардап шеккенді дыбыстап шақыру, жағдайы жақсы екенін сұрау ұсынылады. Жеңіл ауырсыну тітіркенуіне ұшыратуға (мысалы, құлақ ұшын қысу ), немесе иығынан қағуға болады.
- Ес-түсінің болмағаны жағдайында, демінің, ұйқы күретамырында тамыр соғысының, көз қарашықтарының жарыққа әсерінің болуын жедел түрде тексеру қажет:
а) тыныс алудың болмауы кеуде қуысының толық қозғалмауымен расталады. Тыныс алудың шын мәнінде жоқ екенін түсіну үшін пациентке қарай еңкейіп, тыңдау керек.
б) ұйқы күретамырында тамыр соғысын анықтау үшін, ортаңғы және көрсеткіш саусақтарын мойынның ортасына, жұтқыншақ аймағына қою, кейін оларды ойымға дейін солға немесе оңға орналастыру қажет. Мұнда тамыр соғуы анық сезіледі. Тамыр соғуының болмауы – жүректің тоқтауын айғақтайды.
в) қарашықтың реакциясын тексеру үшін қабақты сәл жабады және зардап шеккеннің басын жарыққа қарай бұрады (бірақ, қарашықтың кеңеюі қан айналымы тоқтағаннан кейін 40-60 секундтан кейін пайда болатынын ескеріңіз!).
Сондай - ақ клиникалық өлім кезінде тері қабаттарының бозаруы немесе цианотикалығы, рефлекстердің, бұлшық ет тонусының мүлдем болмауы байқалады.
Емделушіде жоғарыда көрсетілген көріністер анықталған кезде жедел медициналық көмек шақыру және кідірмей ЖӨР кірісу керек. Зардап шегушіні қатты беткейге қойып, кеудедегі киімді шешу керек. Науқастың аяғын көтеріп, оның астына киімнен білікше төсеген жөн.
ЖӨР – САВ жүйесі бойынша бірнеше кезеңдерден тұрады:
С (compressions) – жүректі тікелей емес ( жабық ) уқалау
A ( airway ) – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру.
B ( breathing ) – қолдан дем алдыру
1. Жүректі тікелей емес уқалау - омыртқа мен кеуде арасындағы жүректі қысу жолымен қан айналымын қалпына келтіру және қолдау мақсатында жүргізіледі.
Көмек көрсетуші, зардап шеккен адамның бір бүйірінен орналасуы керек (кез келген жағынан). Доминантты қолдың алақанын, қатаң түрде дененің орта сызығы бойына, емшектер арасында, көкірек қуысының ортасына қойыңыз. Алақанның негізі кеудеге дәл орналасуы керек. Екінші алақанды бірінші алақан үстіне қойып, саусақтарыңызды айқастырыңыз. Қол шынтақта түзетілген. Қысым саусақтардың қатысуынсыз (саусақтары көтеріңкі) алақанның негізі болып ғана жүзеге асырылады. Көкірек қуысын қысу құтқарушының дене салмағының есебінен орындалады, яғни барлық корпуспен жұмыс істеу керек. Компрессия тереңдігі ересектер үшін: 5-7 см , балаларда тиісінше азаяды. Жиілігі минутына 100-120 болуы керек. 30 компрессия жасаймыз (демге қатынасы 30:2).
2. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру ( екеулік немесе үштік Сафар әдісі қолданылады ):
- зардап шеккеннің басын, оны омыртқа жотасының мойын бөлігінде бүгіп, артқа қарай шалқайтыңыз ( омыртқа жотасының зақымдануына күдік болса, бұл әдісті жасауға болмайды –екеулік Сафар әдісі ).
- Қол саусақтарын иек астына, төменгі жақтың бұрыштарына орналастырыңыз. Төменгі жақты алдыга жылжытыңыз.
- Зардап шеккеннің ауызын ашыңыз, қажет болған жағдайда ауыз қуысын тазартыңыз (қан, құсу массалары, алмалы-салмалы протез және т.б.).
3. Қолдан тыныс алдыру – зақымдалған адамның өкпесіне белсенді түрде ауаны енгізу жолымен жүреді. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдісі арқылы жүзеге асады:
- құтқарушы терең дем алады
- зардап шеккеннің мұрнын саусақтарымен қысады
- зардап шеккеннің аузына 1 секунд ішінде дем береді.
Егер де, зардап шеккеннің көкірек қуысының көлемі ұлғайып жатса, бәрі дұрыс жасалған. Бұдан кейін, зардап шеккен адамға пассивті дем шығаруға мүмкіндік беріп, сосын жасанды желдету демін қайталау (барлығы 2 дем алу жүргіземіз ).
Әрі қарай, өкпені жасанды желдетудің 2 демімен көкірек қуысының 30 компрессиясын кезектестіре отыра, реанимациялық іс-әрекеттерді жалғастырған жөн.
30:2 әрбір 5 циклында, ұйқы күретамырында соғудың, тыныс алудың, қарашықтарда әсердің болуының анықтаумен стоп-анализ жүргізіледі. Өзіндік тыныс алу мен жүрек соғысының қалпына келген жағдайында, реанимацияны жедел тоқтатып және зардап шеккенді, дәрігерлер келгенге дейін бүйір қырына жатқызу керек – осы қалып қауіпсіздеу. Егер, тіршілік қызметтері әлі де қалпына келмеген болса – міндетті түрде, 30 минут ішінде жалғастыру қажет, бұл уақыт өтіп кеткен жағдайда, зардап шекеннің өлім фактісі белгіленеді.
Нақты жағдайда, жедел жәрдем немесе құтқарушылардың келуіне дейін, зардап шегушіге, жанында тұрған куәгер немесе жанында болған (айқындаушы) алғашқы көмек және ЖӨР әдістерімен таныс болса ғана көмектесе алады. Сондықтан, бұл әдістерді білу жеке адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің бөлігі ғана емес, сонымен қатар, өркениетті қоғамның бір бөлігі болып табылады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Қарағанды облысы
бойынша филиалының ШМКК бөлімінің
дәрігері Шегай Е.Б.