Мерекелік күндер – көпшілігіміз үшін демалуға, жақын адамдарыңызбен уақыт өткізуге, жеке істерімізді жасауға мүмкіндік береді. Алайда, мереке және демалыс күндері ауыр жұмыс уақыты болып табылатын мамандар санаты бар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері демалыс және мереке күндерінде мерекелік іс-шаралар жоспарланған және халықтың ең көп шоғырланған жерлерінде кезекшілік атқарады. Егер қандай да бір себептермен сіз немесе сіздің жақындарыңызға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда біздің қызметкерлер көмекке келеді.
Міне, өткен мамыр мерекелерінде филиал қызметкерлері С. М. Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағына кезекті кезекшілік өткізді.
Мереке кезінде түрлі жарақат алу-бұл сирек емес. Біздің жадымызда алғашқы медициналық көмек көрсетудің ондаған оқиғасы бар, бұл кезекшілікте біз үшін «жұмыссыз» болған жоқ. Бірінші «құтқарылған» кенеттен артериялық қан қысым жоғары деңгейге дейін көтерілген, Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Артериялық қысымды қалыпты деңгейге дейін төмендету бойынша іс-шаралар өткізілді. Көмек сұрап келген ер адам мерекелік іс-шараларға қатысқан оркестрдің мүшесі екен. Ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтіндігіне көз жеткізгеннен кейін, ер адам оркестрге оралып, өз жұмысын жалғастырды.
Сонымен қатар, мереке барысында көмекке жүгінген ерлі-зайыптыларды атап өткіміз келеді. Әйелінің сол жақ аяғындағы ашық сыдырылған жарақаты болды. Әйелге алғашқы көмек көрсетілді, сол ушін алғыс білдірген жолдасы, тіпті таң қалып: «Мен дәрігерлер не үшін тұр деп ойладым!».
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ БҚО бойынша
филиалының фельдшері Жумабаева М.Т.