22 CMK 1 Ағымдағы жылғы 2 мамырда Апаттар медицинасы орталығы филиалының Нұр-сұлтан қаласындағы кезекші диспетчеріне жатақханада қайта жабдықталған мансард үлгісіндегі тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында АМО филиалының кезекші бригадасы тез арада жолға шықты.
22 CMK 2 Келген соң, жатақхананың 2 қабаттағы сымдары жанып, ғимараттан 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілгендігі анықталды.
Жанып жатқан ғимарат тұрғындарының көп болғанын ескере отырып, ТЖ орнына қосымша дәрігерлердің резервтік бригадасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының екі психологы шақыртылды.
Филиал бригадаларының күшімен төрт зардап шегушіге, улы газбен уланып, сондай-ақ жарақаттанған бір балаға медициналық көмек көрсетілді, олар қаланың медициналық ұйымдарына жатқызылды.
Жедел психологиялық көмек 5 тұрғынға көрсетілді: 4 әйел және 1 бала. Зардап шеккендер жылап, нерв дірілі, агрессия және қорқынышпен ұсынылған күйзеліске өткір реакцияны бастан кешкен.
Зардап шеккендердің психоэмоционалдық жағдайын белсенді және пассивті тыңдаудың, дене-бағдарлы терапияның, қысқа мерзімді және позитивті психотерапияның әдістерін қолдана отырып, жүргізілген жеке әңгімелесудің көмегімен қалыпқа келтіру мүмкін болды.
Барлығы Апаттар медицинасы орталығынан өрттің медициналық-санитарлық салдарын жоюға 8 адам: 6 медициналық қызметкер және 2 психолог, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК" Апаттар медицинасы орталығы " ММ