Насыбай (нас, мұрын, айс) – ежелгі Орта Азия елдереінде: Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда, Қырғызстанда, Ауғаныстанда, Қазақстанның оңтүстік және Қытайдың батыс өңірлерінде халықтардың көп пайдаланатын темекі өнімінің шегілмейтін түрі.
Насыбайды үй жағдайларында бей-берекет жасай береді. Оның негізгі өнімдерінің бірі-мазорка мен темекі, ал оған қосымша қосатын өнімдері – сөндірілген әк, тауық саңғырығы немесе түйе тезегі, әртүрлі өсімдіктер күлі, желім, май болып табылады. Насыбайдың құрамына қорғасын, сынап, кадмий және мышьяк сияқты адам ағзасына зиян келтіретін ауыр металлдар бар. Насыбайдың дәмін жақсарту үшін әртүрлі дәмдеуіштер қосады. Насыбай кішкене
«түйіршіктер» түрінде және қара – жасыл түсті түйіршіктер күйінде сатылады.
Түйіршіктер тілге немесе ерін астына салынады. Никотиннің қанға түсуі үшін бірнеше минут жеткілікті. Насыбай қолданғаннан кейін келесі әсерлер пайда болады: аяқтардың шаншуы, бүкіл ағзаның босаңсуы, жеңіл эйфория, бас айналу, көздегі "жұлдызшалар" немесе қараңғылану.
Насыбайды пайдалану айқын симптоматикасы жоқ. Насыбайдың пайданушылардың кейбір белгілері: жиі ұйықтау, сілекей реңінің жасыл түске өзгеруі, тез шаршау, тіпті шамадан тыс дене жүктемелері болмаған кезде де, тершеңдік, бұлшықеттердің әлсіздігі, ауыздан жағымсыз ерекше иіс.
Насыбай құрамына темекі басқа темекілерге қарағанда көп болғандықтан, өнім тұрақты тәуелділікке әкеледі деп сеніммен айтуға болады. Психикалық тәуелділік өте тез дамиды. Жасөспірім өнімді пайдалана отырып, эйфория мен босаңсытып ләззат алады. Осы себепті тұрақты тәуелділік жасау үшін препаратты бірнеше қолдану жеткілікті. Алайда, жақын арада жасөспірім насыбай қолданудан ләззат алуы төмендейді. Эйфория мен босаңсу тез өтеді, бірақ бала мұндай жағдайдан бас тартуға дайын емес. Нәтижесінде, ол насвайдан күшті препараттарді іздей бастайды, бұл оған сол таратушылар ұсынатын күшті есірткі препараттарын пайдалануды бастауға әкеледі. Осылай нашақорлық басталады. Одан құтылу үшін наркологқа жүгінуге тура келеді, бірақ тіпті дәрігер терапияның оң нәтижесіне кепілдік бере алмайды.
Насыбайды пайдалану салдары:
- никотинге тәуелділік, адам ағзасы үнемі насыбайды қажет етіп тұрады
- жасөспірімдердің оқу материалдарын есте сақтау қабілеті және мидағы психологиялқ өзгерістердің бұзылуы
- ауыз қуысы мен көмей обыр ауруы
- ми тамырларының қысылу салдарынан инсульт және инфаркт болу қаупі
- тістің бұзылуы және қызыл иектің зақымдануы
- әкті ауыз қуысы сілекейі арқылы жұту салдарынан, гастрит пен асқазан жарасының пайда болуы
- тазалығы жоқ үй жағдайларындағы өнімдердің салдарынан болатын ішек инфекциясы
- бала туу функцияларының бұзылуы және белсіздік
- насыбайға қосылған ауыр металлдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы