33 CMK nagrada 1 Ақмола облысының Астрахан ауданының тұрғындарына су тасқыны кезінде медициналық көмек көрсеткендегі кәсібилігі мен қайсарлығы үшін Астрахан ауданы әкімінің алғыс хаттарымен Апаттар медицинасы орталығының Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалының қызметкерлерін марапаттады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Колутон өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты 700-ден астам халық тұратын,Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылының аулалық аумағын су басты. Ауыл автомобиль қатынастарынан ажыратылды.
АМО филиалының медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған бригадасы жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті, олардың арасында денсаулық жағдайы шұғыл медициналық көмек көрсетуді және емдеу мекемесіне жатқызуды талап ететін бір жарым айлық қыз құтқарылды.
Астрахан ауданының әкімі АМО қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және олардың ауыр істерінде табыс тіледі.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ