34 CMK kordai 1 20 сәуірде таңғы сағат 5 - те Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181 шақырымында жеңіл көлік жолдың бойында тұрған жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Трасса бойымен келе жатқан жолаушылар автобусы жоғарыда көрсетілген автокөліктермен соқтығыспау үшін жолдан шығып аударылып кеткен.
ЖКО болған жерден 80 шақырым жерде орналасқан, Алматы облысының «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктіне ЖКО туралы ақпарат келіп түсті.
34 CMK kordai 2 Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін құрамында 4 адам және 1 техникасы бар шұғыл әрекет ету бригадасы жедел түрде жол – көлік апаты болған жерге барды.
ЖКО салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, 32 зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болды.
34 CMK kordai 3 «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пункті бригадасының күшімен әр түрлі ауырлық дәрежеде көптеген жарақат алған тоғыз зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетіліп, олар арнайы реанимобильде Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қалған зардап шеккендерге жедел жәрдем бригадалары көмек көрсетті.
Қосымша, Алматы қаласының авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп «Қазавиақұтқару» АҚ әуе көлігімен ЖКО орнына Апаттар медицинасы орталығының Алматы қ. бойынша филиалының медициналық бригадасы жіберілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Жамбыл облысының «Төле би» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы да тартылды.
Апаттар медицинасы орталығынан авариялық-құтқару жұмыстарына 10 адам мен 2 техника жұмылдырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы»ММ