Жарақат - зақымдану, адам ағзасының және тіндерінің анатомиялық және физиологиялық қызметінің бұзылуы. Зақымдаушы факторға байланысты мынандай түрге бөледі: механикалық жарақаттар (көгеру, шығу, сыну); термиялық жарақаттар (күйіктер, үсулер); химиялық жарақаттар немесе барожарақат (атмасфералық қысымның күрт өзгеруінен); электрожарақаттар, сонымен қатар әр түрлі басқада жарақаттар.
Көгеру
Ағзаның және тіңдердің тері қабатының еш бұзылусыз зақымдануы. Зақымдану аймағында ауырсыну және ісінудің пайда болуы.
Зақымдану кезіндегі алғашқы көмек – иммобилизация және зақымдану аймағына суық басу.
Шығу
Сүйек буынының нормадан тыс қозғалуы. Буынға механикалық күш түскенде пайда болады. Зақымданған буын аймағында көзге көрінетіндей деформация болуы мүмкін.
Алғашқы көмек – шыққан буынды орынына келтіру және үлкен буындар шыққанда иммобилизация жасау.
Сынықтар
Сынықтар – бұл сүйектің тұтастығының бұзылу, күштеп немесе паталогиялық жағдайда болады.
Түрлері:
Сынықтың түрлері бірнеше критери бойынша жіктеледі, бұл жалпы себептердің және сынудың локализациясының болмауына байланысты.
Себебіне байланысты пайда болуы
- Травматикалық – сыртқы әсерлерден туындаған.
- Паталогиялық – кез –келген патологиялық үдерістің арқасында сүйектің жойылуына байланысты минимальді сыртқв әсермен туындайды.(Туберкулез, әр түрлі ісіктер)
Ауырлығы бойынша
- толық
- қозғалмаған
- сүйек сынығының үзінділерімен қозғалған
- толық емес – жарық
Тері қабатының тұтастығына қарай:
- жабық – тері қабатының тұтастығының бұзылмауымен және сыртқы ортамен байланыспаған. Жалғыз – егерде тірек – қимыл аппараттының бір сынығы болса.
- көп – тірек- қимыл аппаратының бірнеше сынықтары болса.
- ашық – сұйек сынығының жұмсақ тіндердің жарақаттары мен сыртқы ортамен байланыста жүреді. Аралас сынық – егер сынық ішкі ағзамен және бас сүйегімен араласса. Әртүрлі – егер бір анатомиялық немесе бірнеше анатомиялық аймақтар зақымданса.
Алғашқы көмек
Көмекке келген алғашқы адам көмек көрсете алады:
1. Жарақаттанған адамның жағдайын және зақымданған аймақты анықтау.
2. Қан кету болса – тоқтату.
3. Жарақаттанған адамды жедел жәрдем келгенше жылжытуға болама соны анықтау қажет. Жарақаттанушыда омыртқа және көптеген сынықтар болатын болса қоғамау қажет.
4. Оқшауланған жарақатта жарақаттанған аймақты иммобилизаттап шина салу қажет.
5. Тасмалдауға ешқандай кедергі болмаған жағдайда жарақаттанушыны жақын мандағы медициналық бөлімшеге жеткізу.
6. Егер медициналық қызметке қол жетімсіз болса немесе қозғауға болмайтын жағдай болса онда, жарақаттаған аймақты қимылын тоқтатып қатты носилкаға салып қозғалтпай тастау керек.
Алғашқы көмектін тапсырмасы – аурсынуды басу, жарақаттанушыға толықтай тыныштық беру және ең бастысы жарақат аймағындағы жұмсақ тіндерді жарақаттап алмау. Жарақаттанушыны жатқызып, сабырға шақырып, жарақаттанған аймақты қозғамау қажет. Жабық сынық кезінде көмек көрсетпес бұрын киімін , аяк киімін жарақат аймағынан босату қажет. Кимін керек жерінен қиып тастау керек. Ашық сынық кезінде қан тоқтатқаннан кейін жарақат орынына таза стерилді таңғыш салу қажет.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» ММ Қарағанды облысы бойынша
филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Кудайбергенов Е.Б.