2019 жылы 10 сәуірде Алматы-Екатеринбург трассасының 110 шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алматы облысы Күрті ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында егде жастағы ер адам көз жұмды.
Оқиға туралы дабыл Алматы облысы "Күрті" трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне ЖКО куәгерінен келіп түсті.
Оқиға орнына жедел түрде арнайы реанимобильмен жол бойындағы пункттің мамандардан тұратын 2 фельдшер және 2 құтқарушысы бар бригада шыгып, олар 8 минут ішінде ЖКО орын алған жерде болды.
ТЖҚП бригадасы оқиға орнында төрт ересек зардап шеккен адамға және үш балаға қызмет көрсетті.
Барлық жеті адам, түрлі дәрежедегі жарақаттары бар Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Алматы қаласы бойынша филиалы