17 CMK 1 2019 жылдың 1-ші сәуірінде Алматы облысында орналасқан «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктіне «Алматы-Ташкент» автожолының 155-ші шақырымында ірі жол-көлік апатының орын алғандығы жайлы хабарлама келіп түсті.
17 CMK 2 Алматы-Шымкент бағыты бойынша келе жатқан автокөлік пен автобус соқтығысып, нәтижесінде 7 жолаушы зардап шекті. Оқиға орын алған жерге құрамы 4 адамнан және 1 бірлік техникадан құрылған «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы жедел түрде жолға шықты. 6 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ТМҚП-нің бригадасымен Гвардейский ауылындағы № 63302 әскери бөлімінің жеке медициналық жасағына жеткізілді. Қалған зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі толық көмек көрсетілді.
Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген жоқ.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Алматы қаласы бойынша филиалы