29 CMK Nauryz 1 2019 жылдың 20 наурызында "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Қарағанды облысы бойынша филиалында "Наурыз-Мейрамы" мерекесі өтті. Бұл ұлттық және тарихи дәстүрлерді сақтау мерекесі, әр түрлі мәдениеттер мен халықтарды біріктіретін ең көне мейрам болып табылады. Іс-шараның бағдарламасы бойынша спорттық жарыстар өткізіліп, қазақ асханасының ұлттық тағамдарымен дастархан жайылды.
29 CMK Nauryz 2 Айта кететін жайт, спорттық жарысқа филиалдың барлық қызметкерлері қатысты. "Арқан тарту" жарысына 4 команда қатысып, жеңіске "Сила"командасы жетті. Армрестлингке қатысушылар саны көп болды, мұнда Абдуллин Ардаққа тең адам болмады. Гир көтеру бойынша жарыста Николай Глуздаков жеңіске жетті. Кеудені еденнен жұдырықпен көтеру бойынша көзге Ахметов Марат (50 рет) түсті. Коллективтегі әйелдер қауымы да шетте қалған жоқ. Олар жарысқа қатысқан ер адамдарды белсенді қолдап қана қоймай, өздері гир көтеру бойынша жарыс өткізіп, Муратова Кира бірінші орынға ие болды.
Іс-шара барысында достық, позитивті және мерекелік атмосфера орын алды. Онда ұтылғандар болмады, әркім өз физикалық дағдыларымен ерекшеленіп, сол үшін естелік сыйлықтар алды. Психологиялық тұрғыдан осындай іс-шаралар ұжымның моральдық-психологиялық ахуалына жағымды әсер етуге қабілетті екенін атап өту қажет, өйткені дәл осындай мерекелік, достық атмосферада тұлғааралық қарым-қатынас жақсарады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалының психологы