10 CMK 8 Marta Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мекеменің әйелдерін құттықтады.
Мерекелік жиналыс өткізіліп, онда басшы Б.Т. Есқалиев құттықтау сөзін жеткізді. Түрлі мамандықтар мен қызмет салаларының барын айта келе, біздің мекемеде де әйелдің жұмысына жатпайтын істі орындауға тура келетінін, алайда мейірімді және нәзік ана, ұқыпты да мейірлі жар болып қалатынын атап өтті.
Салтанатты жиында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай марапатталды:
Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Никамбекова Мағрипа Әбдіғұмарқызы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің грамотасымен;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің Алғыс хатымен - Апаттар медицинасы орталығы басшысының орынбасары Татьяна Владимировна Яровенко.
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Апаттар медицинасы орталығы Павлодар облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Шульга Валентина Николаевнаға және Қостанай облысы бойынша филалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Укубасова Қадиша Амановнаға алғыс жариялады.
Сондай-ақ Орталық және "АМО" ММ филиалдарының 18 қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "АМО" ММ грамотасымен марапатталды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "АМО" ММ 5 қызметкеріне алғыс жарияланды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ