18 CMK Krylova 1 Ирина Крылова – 2015 жылдан бастап күре жолдық медицна-құтқару бекетінде жедел әрекет ету бригадасында фельдшер болып қызмет етеді. Ол Қарағандыда дүниеге келіп осында өседі. Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне қарасты Медициналық колледжінде емдеу ісі бойынша білім алды. Бірнеше рет жол көлік аппатынан зардап шеккендердің өмірін құтқарды, сонымен қатар өз еркімен медициналық көмек сұрап келгендерге көмек қолын созды.
Осындай жағдай 2016 жылдың 28 – ші сәуірінде орын алды.Сол күні кешкі сағат 8-ден 33 минут кеткенде «Ақтүбек» беккетінің диспетчері «Қызыл-Орда - Павлодар» тас жолында екі көліктің қақтығысуы жайлы ақпарат алды. Жедел әрекет ету бригадасы бірден жедел шықты, бригада құрамында Ирина Крыловада болды.
18 CMK Krylova 2 Оқиға болған жердегі жағдай: қақтығысқан көлік ішіндегі қысылған адамдардың жан айқайы, шынының және көлік шамының сынықтары, шашылаған кимдер және төгілген жанар майдың иісі кез-келген адамды есенгірететің еді. Зарадап шеккендерге жедел медициналық көмек қажет болды. Аяқ – қолдың көптеген сынықтары, бас – ми жарақаты, іш құрылыстарының зақымдануы – бұл зардап шеккендердің барлық толық жарақаттары емес еді. Бұл көлік аппатынан 12 адам жарақаттанды.
18 CMK Krylova 3 Жедел көмек көрсетуге кірісті. Фельдшер Ирина Крылова зардап шеккендерді жедел және ақылға сала отыра сұрыптады да, жедел әрекет ету бригадасының қызметкерлеріне өзінің қызметіне сай көмек көрсету үшін бөліп берді де, өзі ауыр қәлдегі ессіз жатқан зардап шеккенге көмек көрсетті. Сол уақытта әріптестері көлікте қысылып қалған аяғы ауыр әйелді құтқаруға әреккет жасады, ал екінші фельдшер жамбас сүйегі сынған ер азаматқа медициналық көмек көрсетті. Жеңіл жарақаттанған адамдарды жедел әрекет ету бригадасы жолаушы көліктерге салып жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізуін тапсырды. Ауыр қәлдегі зардап шеккендердің өмірімен ауруханаға жеткенше реномобил ішінде күресті. Олардың жұмсаған күш – жігері бекер болған жоқ. Ауруханаға жеткізілген 5 адамның ішіндегі төртеуі тірі қалды. Жұмыстағы кәсіпқойлық пен ұйымдаса жасалған көмек кезекті өзінің жемісін берді.
Ирина Крылова адам өмірін құтқарудағы еңбегі үшін көптеген алғыс хаттарға ие болды. Еңбек қорлығыменен, орындаушылығымене, ұқыптылығыменен өзін жақсы қырынан көрсетті. Әріптестерінің арасында әр әріптесі үшін уайымдап, жылы сөздерімен әрдайым қолдау көрсетіп жүреді. Кез – келген қиын жағдайда өзінің шеберлігіменен және ұстамдылығыменен әйелдердің әлсіздігіменен және нәзіктігі жайлы стеротипті жояды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалы