13 CMK ASR 1 02 ақпанда 10 сағат 10 минутта Шығыс Қазақстан облысының "Жарма" трассалық медициналық-құтқару пунктіне Бішкек-Новосибирск бағытындағы автобусының жүргізушісі автобус жолаушыларының бірі Ресей Федерациясы азаматына медициналық көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
ТМҚП дәрігерлері пациентті тексергеннен кейін ми қан айналымының жіті бұзылуы (инсульт) диагноз қойды, ер адам өте ауыр күйде, ессіз болған.
13 CMK ASR 2 Дереу, тікелей трассалық пунктте инфузиялық терапия басталды. Алайда, науқасқа толық көлемде медициналық көмек көрсету үшін трассалық пункт орналасқан жерден 90 километр қашықтықтағы мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу қажет болды.
Шығыс Қазақстан облысы Апаттар медицинасы орталығы филиалының кезекші дәрігері санитарлық авиация қызметімен байланысты, алайда авиациялық бригаданың ұшып келуі мүмкін болмады.
Зардап шегушінің жағдайы тұрақтанғаннан кейін, науқасты Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына трассалық пункттің реанимобилімен тасымалдау туралы шешім қабылданды.
Бригада ер азаматты реанимобильде емдеу мекемесіне жеткізе отырып, сол сәтте-ақ қажетті емдеу шарасын көрсетті және ағзаларының өмірлік қызметін қадағалап отырды, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, 53-ші шақырым жолдан кейін науқас одан әрі тасымалдау үшін берілді.
Азаматтық қорғау және денсаулық сақтау органдарының медицина қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекетінің арқасында Ресей азаматы одан әрі емдеу үшін Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Инсульт кезінде дәрігерлік көмек алғашқы сағаттарда барынша тиімді екенін атап өткен жөн. Сондықтан алғашқы белгілерді жіберіп алмау және қажетті көмекті дер кезінде көрсету өте маңызды, соны трассалық медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері жасады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ