25 CMK Koktem 1 2019 жылдың 26-27 ақпанда Басқару органдарының, Азаматтық қорғаныс жүйесінің күші мен құралдарын көктем мезгіліндегі су тасу салдарын жоюға дайындығын байқау мақсатында Республикалық командалық-штабтық «Көктем 2019» оқу-жаттығуы өткізілді. РКШО басшылығы штабы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында орналасқан.
17 филиалдар мен 40 трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күштері мен құралдары функционалды міндеттерді орындау үшін дайындыққа келтірілді.
Дайындық кезеңінде жеке құрамды дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді, жеке құраммен көктемгі кезеңдегі су тасқыны даму жағдайында шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету және медициналық аппаратура мен құрал-жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері бойынша нұсқаулық-әдістемелік және практикалық сабақтар жүргізілді, автотехниканың техникалық жай-күйі, жанар-жағармай қорлары тексерілді.
Филиалдардың алдарына қойған негізгі тапсырмалары:
- жеке құрамдарына уақытымен, дер кезінде хабар беру және жоғары даярлық режимінде жұмыс істеу;
- көктемгі су басу кезеңінде шартты түрде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру және бақылау, оны ұйымдастыру;
- авариялық-құтқару топтарының, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру бөлімшелері мен мекемелері ұйымдарының оқу-жаттығудағы штаб басқармасымен арадағы өзара қарым- қатынас жоспарын нақтылау.
"Көктем 2019" РКШО-ға ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ - нің 17 филиалы, жалпы саны 75 адам (олардын ішінде 7 психолог) және 21 техника жұмылдырылды.
Бұл ретте 52 шартты зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді, 4 ауруханаға жатқызылды, 23 шартты түрде зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетілді, оның ішінде 4 балаға және 2 зардап шеккен адамға "Альфария" психологиялық аппаратымен қөмек көрсетілді. 4 ТМҚП күштері жұмылдырылды (Астана қ.«Анар», «Сарканд» Алматы облысы, «Луговое» Жамбыл облысы, «Мунайшы» Мангыстау облысы).
Құрылымдар көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою мен алдын-алу әрекеттеріне дайын екендігін көрсетті. Оқу-жаттығу барысында барлық қойылған мақсаттарғарға қол жеткізілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ