Әрбір адамға өрт кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелері мен әрекетін білуі керек және сақтау керек. Қыс мезгілінің және жылыту кезенінің басталуымен халық шоғырланған пунктерде, әсіресе жеке секторларда өрт туындау қауіпі өсіп жатыр. Әсіресе улы газбен уланғанда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету білу керек.
ҚРІІМ ТЖК «АМО» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалы ТЖД және оның құрылымдық бөлімшелерімен бірігіп өрт оқиғаларының және улы газбен уланудың алдын алу бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілуде. Филиал қызметкерлерімен қаланың мекемелері мен ұйымдарында жану заттарымен уланудың алдын алу бойынша дәрістер өткізілуде. 31.01.2019 ж. күні Ақтөбе облысының өңірлік коммуникация қызметінде «Улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өткізілді; оған республикалық және облыстық бұқара ақпарат құрандары қатысты. Брифинг спикерлерінің арасында ҚРІІМ ТЖК «АМО» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің О.Кузьменко, улы газбен улану алғашқы белгілері бойынша және медициналық қызметкерлері бригадасы келгенге дейін алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету туралы ақпарат айтты.
Халықпен тәрбие жұмысының өткізу мақсатында Ақтөбе облысының ТЖД құрылымдық бөлімшелерінде филиал дәрігері Ж. Қасымова және фельдшер Э.Жаметова 106 гарнизон қызметкерлері мен өрт құрылымдарының еріктілеріне улы газбен улану кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдылары мен дәріс сабақтарын өткізілді.
Біздің бұл акцияны өткізу мақсатымыз-зардап шегушінің жағдайын көмек келгенше дейін барынша жеңілдету.
Дұрыс және дер кезінде көрсетілген медициналық көмек асқынулар мен ауыр салдарының алдын алуға көмектеседі. Осылайша біз өрттен зардап шеккендердің денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесеміз.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Ақтөбе облысы бойынша
филиалының ШМККБ басшысы
И.Есенгалиева