28 CMK TMCP 1 2019 жылдың 6 ақпанында 11 сағ. 40 мин. Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының кезекші диспетчерінің пультіне бортында 274 жолаушылары бар Астана - Қызылорда бағытындагы "Тальго" жолаушылар пойызының сынуы туралы хабар түсті.
Жолаушылар пойыз Қарағанды облысы Шет ауданы, Айса станциясында сынды. Пойыз жолаушылары Айса станциясында 6 сағат болғаннан кейін, Қарағанды станциясына билеттерін қайта тіркеп және локомотивті ауыстырып әрі қарай жолға шығу ушін жіберілді.
Жолаушыларға медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында темір жол вокзалына АМО филиалының құрамында медиктер мен психолог бар бригадасы тез арада жіберілді.
Барлық тексерілген жолаушылардың ішінде 3 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Уайымдау аясында-адамдарда қан қысымы көтерілді. Көптеген адамдарға психологиялық көмек қажет болды, өйткені қатты аяз, жөнелтуді күту уақыты, қолайсыз жағдайларда болу, шаршау созылмалы аурулардың асқынуын тудырып, психоэмоционалдық жағдайды тұрақсыздандыра отырып, шаршау бірден адамды нашар сезінуге әкеп соғады.
АМО психологі вокзалға келу кезінде 9 ересек және 12 балаға психологиялық көмек көрсетті, ол оқиғаның физикалық және психологиялық факторларының жағымсыз әсерін төмендетуге мүмкіндік берді.
 
ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ