28 CMK TMCP 1 Темір жол көлігі көліктің ең сенімді және қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Алайда, кейде поездар техникалық сынулар салдарынан өз қозғалысын тоқтатады. Дәл осындай жағдай 6 ақпанда Қарағанды облысының аумағында орын алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Қарағанды облысы бойынша филиалына сағат 10:11-де жолаушылар пойызының Қарағанды станциясына оралуы туралы хабарлама келіп түсті, осыған байланысты шұғыл медициналық және психологиялық көмек қажет болуы мүмкін еді. Қатты аяз, поезд кетуінің күту уақыты, ыңғайсыз жағдайда болу, шаршау адамдардың әдеттегі өмір салтын кенеттен өзгертіп, созылмалы аурулардың өршуіне әкеп соғуы, психо-эмоционалды жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін.
Психолог шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасының құрамында темір жол вокзалы аумағына шықты. Аталған орынға келіп, жағдайды бағалау жүргізілді, стреске өткір реакцияны бастан өткізіп және үрейленетін шабуылдар көрсеткен тұлғалар анықталды. Кәсіптік іс-шараларды өткізу талап етілген адамдардың ерекше санатын балалар құрады. Психологтың көмегі бұл жағдайда дәл қажет болды, өйткені ересектерге жедел түрде өз билеттерін тапсырып, басқа поездке билеттер алу талап етілді, осы уақытта олардың балаларына біреу қарау керек еді, сондай-ақ орын алған жағдайдың өзі баланың тұрақсыз психикасын жарақаттауы мүмкін еді.
Стресстік реакциялар: қорқыныш, жылау, жүйке дірілі, агрессия көрсеткен ересектермен жұмыс жүргізілгеннен кейін психолог 3,5 жастан 14 жасқа дейінгі барлық балаларды бір жерге жинады. Іс-шараның мүмкін болатын ықтимал нұсқаларын көздей отырып, психолог өзімен бірге балаларға бояулар, қарындаштар, түрлі-түсті қағаздар, пластилин, ойыншықтар және т. б. заттарды алды, бұл балаларды тез қызықтырып, бірлескен жұмысқа тартуға мүмкіндік берді.
Осылайша, темір жол вокзалында болған уақытта психолог 9 ересектерге шұғыл психологиялық көмек көрсете алды, нейролингвистикалық бағдарламалау техникасын, денеге арналған терапияны, позитивті психотерапияны, белсенді және пассивті тыңдау техникалары бойынша әңгімелесулерді, сондай-ақ арттерапевтикалық техниканы пайдалана отырып, 12 балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсарта алды. Салынған күш-жігерінің арқасында зардап шеккендер тарапынан психологқа қызмет нәтижелілігінің ең жақсы көрсеткіші болып табылатын шын жүректен алғыс айтылды.
 
Шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімі
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ