Жақын күндері ауа райының аязды салқын күндері күтілуде. Мұндай салқын күндерде адам үшін қауіптіліктің негізі болып – организмнің қатты тоңуы мен үсуі болып табылады.
Үсу – төмен температураның салдарынан қандай да болмасын дене бөлігінің зақымдануы (кей жағдайларда жансыздануы). Әдетте, үсудің негізгі белгілерінің бірі – жалпы тоңудан, құлақ тұсының, қол және аяқ саусақтарының үсіп тоңуынан басталады.
Тар және ылғал киім мен аяқ киім, физикалық тұрғыдан шаршау, аштық, ұзақ уақыттық мәжбүр түрдері қозғалыссыз қимыл мен ыңғайсыз күй, аурумен ауырғаннан кейінгі денсаулықтың әлсіреуі, аяқтың тершеңдігі, төменгі жақ буындарының созылмалы аурушаңдығы және жүрек-қан тамыр жүйелерінің аурулары – үсуге алып келетін негізгі мән-жайлардың бірі болып табылады.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, көбіне алкогольдік тұрғыдан қатты мас болғандар ауыр үсудің соңында қол не болмаса аяқтың кесіп алынып тастауына дейін жеткізеді. Көбіне мұндай халге сонымен бірге кішкентай балалар мен жасы жеткен адамдар ұшырайды. Мұндай жағдайды болдырмас үшін далаға таза ауа жұтар алдында ауа райына зейін қойған жөн. Өзіңізбен бірге артық қолғап пен ішінде ыстық шайы бар термос ала кеткеніңіз жөн болар. Баланы аяз кезінде далаға серуенге жібермес бұрын оған әр 15-20 минут сайын жылы жерге оралып, жылыну керек екенін ескертіңіз.
Үсудің дәрежесін қалай анықтауға болады?
I сатылы үсу (неғұрлым жеңіл) әдетте болмашы салқын аязды ауа райы кезінде болады. Зақымданған дене бөлігінің терісі түссізденіп, жылынған кезеңде ақшыл қызыл түске ие болады, кей жағдайларда – қоңырқай қызыл түске келіп, кішігірім ісінеді.
II сатылы үсу аязда неғұрлым ұзақ болған кезеңде туады. Ең алдымен саусақтар түссізденіп, соңынан жансыздана бастайды. Алғашқы күндері зақымданған дене бөліктерінде ішінде ақшыл түсті сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болады.
III сатылы үсу көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық қанды түске боялып, түбі қара-көкшіл күй тартады, тітіркену кезінде жансыздықты білдіреді. Тері бөліктерінің барлық элементтері өліп, тыртықшалар пайда болады.
IV сатылы үсу ұзақ уаты бойы аяздың әсер етуінен болады, тіннің температурасы айтарлықтай төмендейді. Барлық тері қабаттары өліп, кей жағдайларда сүйек пен буындар да зақымданады. Жарақаттанған дене бөліктері тез көкшіл түске, ал кей жағдаларда мәрмәр түске де келеді. Мұндай жағдайда жылынған мезеттен бастап ісік тез арада үлкейеді. Қатты іскен ісік кезінде көпіршіктердің болмауы мен сезімталдықтың болмауы IV деңгейдегі үсудің белгісіне жатады.
Алдын алу:
Қатты аяз кезінде қатты тоңып үсудің алдын алудың бірнеше қарапайым ережелері бар:
Алкогольдік ішімдік ішпеңіз: алкогольдік ішімдік жылудың көп бөлігінен айырады, бұл ретте өзіңіз жылы сезімде болғандай жағдайда боласыз;
Аяз кезінде темекі тартпаңыз: шылым шегу қан айналымының жұмысын тежейді, мұндай жағдай дененің соңғы бөліктерін неғұрлым жансыз етеді;
Кеңдеу киім киіңіз: қан айналымының жүйесін қалыпты түрде ұстайды. Қалың киініңіз, алайда киімдеріңіздің арасында жылуды жақсы өткізетін ауаның болғаны жөн. Сырт киім міндетті түрде ылғалды өткізбейтін болуы керек.
Тар аяқ киім, ұлтарағының болмауы, ылғал шұлық – үсуге алып келеді. Ағы тершең келетін адамдар аяқ киімге ерекше назар аударғаны жөн. Аяқ киімнің ішіне жылы ұлтарақ салу қажет, ал мақта-мата шұлықтың орнына ылғалды жақсы тартатын жылы жүннен тоқылған шұлық киген абзал.
Аяз кезінде қолғапсыз, бас киімсіз, мойын орағышсыз шықпаңыз. Ең жақсысы – ылғалды тарпайтын және желді еңсермейтін матадан тігілген іші жүн қолғап. Бет пен иек тұсты мойын орағышпен ораған жөн. Желді салқын ауа райы кезінде далаға шығар алдында беттің ашық бөліктеріне арнайы жақпа майын жаққан жақсы;
Аяз кезінде дененің ашық бөлігінің металлмен байланысын болдырмаңыз;
Аяз кезінде металлдан жасалған (соның ішінде алтын, күміс) бұйымдар тақпаңыз – сырға, жүзік және т.б. Металл теріге қарағанда тез тоңазып теріге жабысу қаупін тудырады. Сонымен бірге жүзіктер сақтақтың қалыпты қан айналу жүйесін қиындатады.
Тоңазыған жердің қайта үсуіне жол бермеңіз: мұндай жағдай терінің неғұрлым зақымданып оның жарақаттануын алып келеді.
Аяз кезінде үсіген аяқтан ақ киімді шешпеңіз: аяқ одан сайын ісіп, аяқ киімді қайта киюге мүмкіндігіңіз болмайды;
- егер қолыңыз тоңса – қолтық астына басып жылытыңыз;
- аяқ-қолдардың үсіп тоңғанын сезген болсаңыз, жақын арадағы дүкенге, кафеге, үй кіреберісіне кіріп жылынғаныңыз жөн болар.
- егер тұрғылықты елді мекеннен, не болмаса Сізге бейтаныс жерде көлігіңіз тоқтап қалған болса, көліктің ішінде қалып телефон арқылы көмек сұрап, не болмаса сол жол бойынан басқа көліктің жүріп өткенін күткен дұрыс;
- желден күтініңіз: желде тұрып үсудің қаупі біршама жоғары;
- аязға душтан соң дымқыл шашпен шықпаңыз.
Тоңудың алдын алу:
Алғашқы көмек – аяқ-қолдардың тоңуын тоқтатып жылыту, инфекцияның дамуын алдын алу барысында зақымдалған тіндерді қалыпқа келтіру. Зардап шеккен адамды жылы жерге орналастырып, тоңып қалған аяқ киімін, шұлығын, қолғабын шешу қажет. Ыстық сұйықтық, мәселен қан қосылған жылы шай беру керек. Ауруды басатын дәрі қосып беруге де болады. Алғашқы көмек бере отырып, дәрігерлік көмек көрсету үшін дәрігер шақырған жөн болар.
Үсу кезінде көрсетілетін көмек.
Алғашқы көмек көрсету кезіндегі қолданылатын шаралар үсудің деңгей сатысына, организмдің жалпы үсуіне, жасына және ауруына қарай көрсетіледі.
I сатылы үсу кезінде үсіген жерлерді жылы қолмен терінің қызарғанына дейін жылытып, жеңіл түрде уқалап, деммен, жүн матадан тігілген матамен ысқылау керек, оның артынан мақта-мата таңғышты таңған дұрыс. Үсудің басқа сатыларында массаж жасап сылау жұмыстарын жасаудың қажеті жоқ.
1) зақымданған жарақаттың үстін жылуоқшалайтын таңғышпен (мәрлі қабатын, қалың қабатты мақта, тағы да бір қабат мәрлі, оның сыртынан клеенка, реңезкеленген мата) салады, аяқ-қолдарды қолда бар құралдармен (ағаш тақтай, фанера бөлігі, катты картон) салып бинттеп таңып байлайды. Жылуды оқшайлайтын материалдың орнына жылы киім мен матаны пайдалануға болады.
2) Жарақаттанған адамға ыстық сұйықтық, ыстық тамақ береді, аздап алкоголь, аспирин және анальгин дәрісін, 2 таблетка ношпа не болмаса папаверин береді.
Ұсынуға болмайтын жағдайлар:
- ауруды қармен ысқылауға, себебі қан тамырлары өте әлсіз, оларды зақымдап алуға және микрозақымдану арқылы инфекция түсіруге болады;
- зақымданған жерлерді ыстық сумен жылытуға, жылу батареялары мен жылытқыш құралдарымен ысытып жылытуға болмайды;
- алғашқы көмек көрсетудің тиімсіз түрі – май мен жақпа майларын жағып ысыту, ауыр үсіген жағдайда спирт жағу.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының
дәрігері Сембаев К.С.