40 CMK Konkurs 1 Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Үздік медицина қызметкері» республикалық байқауында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды және дипломдармен марапатталды.
Биыл, әдеттегідей, байқаудың алдын-ала кезеңдері төтенше жағдайлар аймақтық департаменттерінде - үш кезеңде өткізілді.Бірінші айналым - байқауға қатысушылардың байқау комиссиясына өзін таныстыруы. Екінші айналымда қатысушылар 30 сұрақтан тұратын сынақтарға жауап берді. Соңғы міндет алғашқы медициналық көмек көрсету әдіс-тәсілдері болды.
40 CMK Konkurs 2 Байқау барысында қатысушылар өздерінің теориялық және практикалық біліктілігінің кәсіби деңгейін көрсетті.
Байқаудың республикалық кезеңінің 20-дан астам қатысушыларынан апаттар медицинасы орталығынан тек 7 адам ғана қатысты, олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болды.
40 CMK Konkurs 3 Бірінші орын және Төтенше жағдайлар комитеттің Үздік дәрігері атағымен Шығыс Қазақстан облысының АМО филиалының дәрігері Әбілқайыров Қадырманап марапатталды, орта буын медицина қызметкерлерінің арасында бірінші орынды Алматы қаласы бойынша АМО филиалының фельдшері Анатиятова Гүлнисям Тұрсынқызы, орта буын медицина қызметкерлері арасында үшінші орынды Қызылорда облысы бойынша филиалының «Жосалы» ТМҚП фельдшері Исабеков Ғалымжан Қалмағамбетұлы алды.
40 CMK Konkurs 4 Осынау байқауға қатысу – біліктілкті шыңдау мен жеңіс қуанышын сезінуге, өз білімдерін тексеруге тағы бір мүмкіндік болып табылады! Әдетте, Апаттар медицинасы орталығында жалақының деңгейіне емес, керісінше, төтенше жағдайларда адамдарға көмектесуге ниеттенген мамандар жұмыс істейді.
Апаттар медицинасы қызметкерлерін сайысқа сәтті қатысқандары үшін құттықтаймыз! Сіздердің бойларыңыздағы кәсіби біліктілік, жауапкершілік және өз жұмыстарыңызға деген адалдық
Төтенше жағдайларды жою мен алдын-алу жүйесін одан әрі дамытуға зор үлесін қоса берсін!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ