33 CMK Evakuatsia 2 Соңғы бірнеше күнде Қарағанды облысының «Сарышаған» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері 43 адамды эвакуациялады, соның ішінде 35 – Өзбекстан, 8 – Қырғызстан азаматтары.
Мәселен, 2018 жылғы 1 желтоқсанда сынған Газель автокөлігінен 8 Қырғызстан Республикасының азаматы құтқарылды және Сарышаған кентіндегі демалыс үйіне эвакуацияланды.
Ал 2018 жылғы 5 желтоқсанда сағат таңғы 4-де Алматы-Екатеринбург тас жолында ішінде 51 жолаушысы бар автобустын сынып қалғаны туралы ақпарат түсті. Далада тоңып қалған адамдарға көмек көрсету үшін ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы шұғыл түрде шығып кетті.
Барлық жолаушыларды дәрігерлер тексерді, Сарышаған кентіндегі темір жол вокзалының ғимаратына 35 адам эвакуацияланды, жүргізушімен бірге 16 адам жақын жердегі Азия Petrol кафесінде қалды.
33 CMK Evakuatsia 1 Әрине, ешкім көліктің жолда бұзылуынан сақтандырылмаған. Жылдың басқа мезгілінде бір-екі немесе одан да көп уақытқа дейін көмек күте алатын болса, қыста адамдар тіпті автокөлікте отырсада тез тоңып қалады, сол себепті дереу көмек қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстанның аумағында дәл осындай 40 пункт жұмыс істейді. Олардың ұйымдастырылған жұмысының нәтижесі республикалық жол тораптарындағы жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге медициналық және құтқару көмегін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, трассалық пункттердің қызметкерлері жақын маңдағы халықты қабылдап қана қоймай, сонымен қатар жолда өтіп бара жатқан жолаушыларды да қабылдап, кез-келген жағымсыз симптомдарымен күресуге көмектеседі, сондай-ақ қалың қарға батқан және қатып қалған көліктерден эвакуациялайды.
2018 жылдың ағымдағы қысқы мерзімінде барлығы трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадасының күштерімен жөндеуге келмей қалған автокөліктен және қар бораунан 60 жуық адам эвакуацияланған.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ