11 CMK D1Pr 1 Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи ролімен, Тәуелсіз Қазақстанның дамуымен танысу және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың 30 қарашасында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының жеке құрамымен Облыстық өлкетану мұражайында экскурсия ұйымдастырылды. Бізге мұражай қызметкерлерімен Тұңғыш Президент жылжымалы архивінің көрмесі ұсынылып, Мемлекет басшысының өмірімен және саяси қызметімен таныстырылды.
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шара, қоғамның жалпы азаматтық құндылықтарын және Тәуелсіздік жетістіктері айналасына бірігуіне, әрбір адамның елдегі болып жатқан оқиғаларға жеке атсалысу және өз Отанының болашақ әл-ауқатына жауапкершілік сезімінің нығаюына ықпал етті.
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Ақтөбе облысы бойынша
филиалының басшысы Д.Б.Шетенбаев