Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ психологтарының негізгі міндеті табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардан және жол-көлік оқиғасынан (ЖКО) зардап шеккендремен жұмыс істеу.
Зардап шеккен адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсету міндетті, себебі ЖКО кезінде стрессті бастан кешіру күрделі реакцияны тудыруы мүмкін: есірік, ступор, ашу, агрессия, қашу, жүйкенің тітіркенуі, үрей және соның нәтижесінде посттравмалық стресстік бұзылыс. Себебі, мұндай травмалық оқиға күнделікті өмір ағынына жатпайтындықтан адамдарға аңдаусыздан үстінен түседі.
ЖКО кезінде шұғыл психологиялық көмек көрсету бұл зардап шегушіге қарапайым психологиялық әсер ету жиынтығының кешені. Оның мақсаты – ЖКО-ң физикалық және психологиялық кері әсерін азайту, оқиғаны саналай түсінумен байланысты күйзелісті түсіру.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қарағанды облысы бойынша филиал психологының жұмысын үлгі ретінде алуға болады. ЖКО осы жылдың 23 қараша күні маршруттық автобус және шағын автобус қақтығысынан болды.
Психолог ШМККБ құрамымен оқиға орынына шықты. Жеткен уақытта шұғыл психологиялық көмекті қажет ететін адамдар анықталды. 3 зардап шеккен адамдардың ең алғашқы және қарқынды көрсеткен реакциясы ол – корқыныш. Сонымен бірге, психолог жүйкенің тітіркенуі және қимыл белсенділігі сияқты реакциялармен жұмыс істеді.
Денеге бағытталған психотерапияның техникалары, қысқа уақыттық психотерапия, позитивті психотерапия, активті және пассивті тыңдау, демалу техникаларын қолдану арқылы психологтың жылдам және сауатты әрекеттерінің арқасында зардап шеккен адамдардың күйі бір сағаттың ішінде жеңілдетілді.
Зардап шеккендерге көмек көрсетуге шыққан сәтте мамандар әр түрлі жағдайларға және реакциялары түрлі-түрлі болатын зардап шегушілер санының әр түрлі болуына да дайын болу керек. Тек қана кәсіпқойлық, стресске төзімділіктің жоғары деңгейі, адамдарға деген махаббат сезімі мен жанашырлық таныту кәсіби міндеттерді тиімді орындауға әсер етуі мүмкін.
 
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша
филиал психологі Муратова К.