22 CMK Medicina psiho 1 Төтенше жағдайлар - нақты объектіде, территорияда орын алған апаттың немесе зауалдың, қауіпті табиғи құбылыстың нәтижесінде адамның тіршілігіне қауіп тудыратын және адамның психоэмоциялық жағдайына ықпал ететін шарттар мен жағдайлардың жиынтығы.
Эмоциялық ахуал – бұл психофизиологиялық процесс. Бұл процесс адамды қандай да бір іс-әрекеттерді орындауға итермелейді, оның мінез-құлығын реттейді, ойлауына әсер етеді. Олар жағымсыз немесе жағымсыз түрде болуы мүмкін.
Адамның төтенше жағдайлардағы бірнеше секундтардан бірнеше сағаттарға дейін созылуы мүмкін және қарқындылығы азды-көпті болады. Эмоциялық ахуал ұзаққа созылғанда суммация әсері орын алады, өйткені ұзаққа созылған эмоциялық қарбаластық қалжырауға алып келіп, адамның психикалық бұзылысын тудыруы мүмкін. Сондықтан да зардап шегушіге, осы эмоциялық жағдайды бастан кешірген адамға шұғыл психологиялық жәрдем немесе одан ары қарай психологиялық қолдау қажет.
22 CMK Medicina psiho 2 Төтенше жағдайлар міндетті белгісі психикалық және эмоциялық ахуалдардың кернеуі болып табылады. Эмоциялық кернеу кезінде психикалық және психомоторлық процестердің тұрақылығы уақытша төмендейді, жұмыс қабілеті төмендейді. Олар теріс немесе шамадан тыс психогенді әсерлерден туындайды. Сонымен қатар эмоциялық кернеу кезінде жүктелген шаруаға жауапкершілік сезімі күшейеді, үрейлік сезімі арта түседі.
Осы үш жыл жұмыс істеген тәжірбиемде мынадай төтенше жағларға қатыстым: өрт, бақытсыз жағдай, ЖКА, су тасу және басқа да төтенше жағдайларға қатыстым және осы ретте 139 зардап шегушіге шұғыл психолгиялық көмек көрсеттім. Алайда әртүрлі төтенше жағдайлар барысында зардап шегушілердің әртүрлі эмоциялық ахуалын байқауға болады. Олардың әрқайсысының жеке-дара ерекшелігі бар. Олардың кейбіреуі өз бетінше тіл табысады, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөліседі, және соның нәтижесінде оларды «шығарады». Ал кейбіреулері, керісінше, «өз-өзінен кетіп», психологиялық көмек алудан бас тартады. Сондықтан да психолог жұмысының нәтижелі болуы маманның тәжрибесіне, жеке қасиеттеріне, білімі мен икеміне тікелей байланысты болады.
Сөзімді қорытындылай келе, айтқым келіп отырғаны, адамдар әртүрлі эмоциялық ахуалдардың ықпалында болады, әрбір жағдайда олар әртүрлі. Адам қарқынды эмоциялық ахуалдардың ықпалында болып, кейде айналасында не болып жатқанын байқамайды, сөйтіп әлсіз болады. Ең бастысы, мұндай жағдайда өз уайымдарына бақылауды жоғалтпа,өзін-өзі игеру дағдыларын меңгеру. Өйткені күтпеген оқиға барысында, төтенше жағдайларда бұл өз өмірі мен айналасындағы адамдардың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ-нің Шымкент қаласы бойынша
филиал психологы Батырханова Д.А.