23 TMSP CMK 1 Алғашқы аяздар мен көктайғаққа байланысты республика жолдарында Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық құтқару пункттерінің жол көлік оқиғаларына, сонымен қатар бұзылған автокөліктен жолаушыларды эвакуациялауға шығу оқиғалары жиілеп кетті.
23 TMSP CMK 2 Өткен демалыста трассалық пункттер күшімен 26 оқиғағ шығу жүзеге асырылған, 46 адам құтқарылған, олардың 20 медицина мекемелеріне жеткізілген.
Айта кету керек, Қазақстанның трассалық қызметі республиканың барлық 14 облысында орналасқан және 50 шақырым жауапты аймақта жұмыс істейтін қырық трассалық медициналық-құтқару пункттерінен тұрады.
23 TMSP CMK 3 ТМҚП негізгі міндеті ЖКО-да зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылады. Қыс мезгілінде ТМҚП бригадалары жолда қалып қойған адамдарға көмекке келеді, күртік қарға кептелген жүргізушілер мен жолаушылар ТМҚП-ін жылыну пункті ретінде пайдаланады, қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
Өткен аптада трассалық пункттер күшімен жөндемсіз автокөліктен 20-дан астам адам эвакуацияланды. Барлық жолаушылар мен жүргізушілер арнайы жылыну пункттеріне жеткізілді.
Жол бойындағы пункттердің жұмысы арқасында ТМҚП-нің жауапты аймағында әр жүргізуші мен жолаушы кез-келген шұғыл жағдайда тегін білікті медициналық көмек ала алады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ