06 CMK ASR 1 2018 жылдың 2-ші қарашасында, сағат 10:01 минут өткенде Қарағанды облысындағы Алматы – Екатеринбург тас жолының 523-ші шақырымында Астана – Шымкент бағыты бойынша келе жатқан, 51 жолаушыдан құралған жолаушылар автобусы сынып қалған.
Бұл жағдай туралы хабар «Сарышаған» трассалық медициналық-құтқару пунктісінің диспетчеріне келіп түскен.
06 CMK ASR 2 Эвакуациялау мен медициналық көмек көрсету мақсатымен оқиға орынына құрамы: дәрігер, фельдшер, құтқарушы және жүргізушіден құралған, медициналық құтқару реанимобилінде «Сарышаған» ТМҚП-нің шұғыл әрекет ету бригадасы шұғыл түрде жіберілген.
06 CMK ASR 3 Барлық жолаушылар тексеруден өткізіліп, олардан салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер анықталмаған. Шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етушілер болмаған.
ТМҚП бригадасымен 17 жолаушы эвакуацияланып және олардың барлығы «Аян» кафесіне жеткізілген.
Қалған 34 жолаушы Қарағанды облысы бойынша ЖПҚ қызметкерлерімен эвакуацияланды.
ТМҚП бригадасы қыс мерзімінде де адамдарға көмекке келеді, яғни жолда тұрып қалған көліктердегі адамдарға көмектесіп, жүргізушілер мен жолаушыларды қар борауынан алып шығады және де қажетті медициналық көмек көрсетеді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ