20 CMK DS 1 Құтқарушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің қызметкерлерімен әр-түрлі іс-шаралар өткізілді.
Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстары бойынша филиалдары Төтенше жағдайлар департаментімен ұйымдастырылған ашық есік күніне қатысып, онда техника, медициналық және құтқару құрылғылары көрсетілді.
Астана қаласы бойынша филиалы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы өз қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ескерткіштерінің ашылуна арналған іс-шараға қатысып, олардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
20 CMK DS 4 Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы филиал қызметкерлерінің балалары арасында сурет салудан жарыс өткізіп және манекендер мен медициналық аппаратураны қолдана отырып ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша видеосъемкаға қатысты.
Қостанай облысы бойынша филиалы «Щербакова» ТМҚП-не мүгедек балалардың келуін ұйымдастырып, экскурсия жүргізді, медициналық және құтқару құрылғыларымен таныстырды, сонымен қатар «ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету» атты тақырыбында лекция оқыды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ