Қазақстан Республикасы Президентіның нұсқауымен 1995 жылы
19 қазанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Бұл күн Қазақстанда Төтенше жағдайларда кәсіби қызметтерді құру күні деп саналады. Биыл еліміздің құтқару қызметіне 23 жыл толып отыр.
Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне ведомствалық наградалар ұсынылды.
Өз қызметін адал атқарғаны үшін, жұмыста жоғары жетістікке жеткені үшін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, құтқару операцияларына қатысқаны үшін, адамдарды құтқарғаны үшін және Құтқарушылар мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрінің бұйрығына сәйкес Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері марапатқа ие болды:
- III дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалының дәрігері – Ригатун Наталья Владимировна марапатталды;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен – «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының фельдшері Туякова Жайшылық Қожахметқызы марапатталды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің алғыс хатына «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының психологі Логачева Эвилина Сергеевна ие болды.
Апаттар медицинасы орталығы басшысының бұйрығымен өз қызметін үлгілі орындағаны үшін және Құтқарушылар мейрамын атап өту қарсаңында АМО-ның 15 қызметкері Апаттар медицинасы орталығының грамотасымен марапатталды.
Барлық әріптестерімізді кәсіби төл мерекесі – Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір жолдарында тек қана ақ жол, мықты денсаулық, рухани байлық, өз кәсіби мамандықтарында жеңістер мен табыстар көп болсын деп тілейміз!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ