14 «Апаттар медицинасы орталығы» ММ психологтарында экстремалды бағыттағы қызметкерлермен және төтенше жағдайларда зақымданған адамдармен жұмыс істеу үшін әртүрлі құрал-жабдықтардың көптеген түрлері бар. Әрбір психологиялық жағдай ерекше, сондықтан төтенше жағдай және күнделікті әрекет барысында жұмыстың бір ғана әдістерін қолдану тиімсіз болып табылады. Егер әңгіме сияқты әдеттегі әдістер керекті нәтиже бермесе, онда арттерапиялық техникаларды қолдану көмекке келеді.
Арттерапия – балалармен және үлкен кісілермен жұмыс кезінде қолданылатын, практикалық әрекеттің жеке аумағы. Мақсаты – адамның тепе-теңдік күйіндегі өмірінің белсенді жалғасуына көмектесетін ішкі күйін үйлестіру. Ең басында қоршағандармен ортақ тіл табысуда қиыншылықтар туындаған кезде, бейнелеу қызметі «сана цензурасын» айналып өтуге мүмкіндік береді. Сондықтан күнделікті өмірде әлсіз білінетін немесе «ығыстырылған» санасыз процесстерді, әлеуметтік рөлдер және жүріс-тұрыс формаларын зерттеуге үлкен мүмкіндік бар. Бұл әдіс адамның көңіл-күйін, ойларын, оның жалпы жағдайын анықтауға және тиісті түзету жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар, осындай жұмыс адамдарда жағымды эмоцияларды тудырады, енжарлық пен жігерсіздіктен арылуға, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға көмектеседі. Ол адамның шығармашылық потенциалын жұмылдыруға, өзін-өзі реттеу және емдеу механизмдеріне негізделген.
Бұл бағыттағы техникалар төтенше және дағдарыс жағдайында болған балалармен жұмыс кезінде қолданылады. Стрессті, психологиялық қысымды бастан кешірген балалар байланысқа жеңіл барады, мандаланы өру, ермексаз жабыстыру, сурет салу, топырақ терапиясы бойынша ойын әрекетіне жақсы үйлеседі. Бұл әдіс олардың психикалық травма нәтижесінде маңызды күйзелістерден көңілін аударады, физикалық сезім саласын жандандырады.
Арттерапия сабағының барысында, балаларда белсенділік жақсы деңгейде сақталып, қорғаушылық-бейімделушілік реакциялары дамиды.
Арттерапиялық техникалар экстремалды бағыттағы қызметкерлермен диагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізген кезде де қолданылады. Осылайша Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының психологы мандаланы өру, сурет салу сияқты жұмыстарды әрдайым жүргізеді. Бұл техникалар визуалды, аудиалды, кинестетикалық сезімдерді жандандырады, әбігерліктен көңілді аударады, шығармашылық үдеріске салады, сезімдерді білдіруге және ең бастысы ішкі қысымнан арылуға көмектеседі.
Арттерапиялық әдістер мен техникалар практикалық психологтың жұмысында өздерін жеткілікті нәтижелі және тиімді танытты. Жүргізудің қарапайымдылығы, орындалудың оңайлығы, жоғары нәтижелілік – осы бағыттағы жұмыстың негізгі сипаттамалары; маңызды және керекті мамандықта күннен күнге көмек көрсетіп келе жатыр.
Муратова К.Р.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалының
психологы