Принтерге шығару
20 CMK 1 Ағымдағы жылдың 29-шы тамызы күні Апаттар медицинасы орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өткізіліп, бірнеше қызметкерге марапаттар ұсынылды.
Салтанатты іс-шараны Орталық басшысы Есқалиев Бақытбек Тұрабайұлы сөз сөйлеумен бастап, жиналған қызметкерлерді келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.
20 CMK 2 Одан әрі салтанатты іс-шара марапаттау рәсімімен өз жалғасын тапты.Өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және де Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен АМО-ның Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бөлімінің фельдшері Р.С. Ташманова марапатталды. Ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен АМО-ның тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы С.К. Кокенов марапатталды.
Сонымен қатар АМО-ның Қостанай облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері В.В. Максимоваға және АМО-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының «Шиелі» трассалық медициналық-құтқару пунктісінің жүргізуші-құтқарушы-санитары О.С. Төребаевқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғысы жарияланды.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, өз қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және де Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай АМО-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері А.К. Молдақұлова ҚР ІІМ ТЖК-нің алғыс хатымен марапатталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ