31 CMK Teniz 1 Бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің психологтары аумақтықтық және халықаралық деңгейде өткізіліп жатқан оқу-жаттығуға белсенді түрде қатысып жатыр. Оқу-жаттығудың мақсаты мен жоспарынан тыс психологтардың міндеті төтенше жағдайлар кезінде шартты түрде зардап шеккендерге және осы іс-шараға қатысуға жұмылдырылған авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне де психологиялық көмек көрсету дағдыларын шыңдап және көрсету болып табылады. Ағымдағы жылы авариялық-құтқару бөлімшелерінің, сондай-ақ мемлекетіміздің қызметкерлері үшін маңызды іс-шаралардың бірі – тамыздың 1-3 аралығында Қазақстан Республикасының аумағында Каспий теңізінің акваториясында төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша «TENIZ-2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуының өткізілуі болды. Республикамыздың аумағында алғаш рет өткізілгендіктен, бұл оқу-жаттығудың маңызы аса зор екендігін атап өткен жөн.
31 CMK Teniz 2 Оқу-жаттығуға психологтардан Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қ. бойынша аумақтық және ведомствалық бөлімшелерінің 9 қызметкері жұмылдырылды.
31 CMK Teniz 3 Психологтар шартты түрде  зардап шеккендермен жұмыс істеу жағдайында, сондай-ақ ведомствалық және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен жұмыс жасау барысында жоғары деңгейдегі мамандандырылуы мен тәжірибелерінің бар екендігін дәлелдей отырып оқу-жаттығудың негізгі тапсырмаларын сәтті орындап шыққандығын атап өткен жөн. Дебрифинг әдіс-тәсілінің көмегімен, «Альфария» аппаратын қолдана отырып жеке-психикалық түзету сеанстары арқылы, арттерапиялық техникаларды қолдана отырып, психологиялық әңгімелесу арқылы шартты түрде зардап шеккен 54 адамға көмек көрсетілді. Қызметкерлердің эмоциональдық жағдайын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін: 6 кеңес беру, «Альфария» аппаратын қолдана отырып 11 жеке-психологиялық түзету сеанстары өткізілді.
Төтенше жағдай – адамның күнделікті өміріндегі қас қағым сәтте және белгісіз жағдайларда орын алатын құбылыс. Бұл жағдайларға қарамастан, шұғыл қызметте жұмыс жасайтын қызметкерлерге әр түрлі жағдайларды және болған нақты жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кез-келген минуттарда әзір болу өте маңызды, сондықтан оқу-жаттығудың өткізілуі мен оған қатысу болып жатқан жағдайда құтқару бөлімшелерінің күші мен құралдарының дұрыс ұйымдастырылуын, әр түрлі құрылымдардың өзара әрекет ету ерекшеліктерін дұрыс бағалауға, сондай-ақ зардап шеккендер санын нақты анықтап білуге мүмкіндік береді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ психологтары