29 CMK ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлері Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Challenge Сен басқасын!» республикалық акциясының бастамасына қолдау көрсетті. Қызметкерлер мекекменің аумағына кезекті жаттығулар жасауға шығып және қазақстандықтарға видеожолдау жазып жіберді, онда барлық адамдарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шұғыл әрекет ету бригадалары жол апаты орын алған жердегі, су басу, өрт шалу сияқты жойқын апаттардан зардап шеккендерге баруға тура келеді. ШӘБ кез-келген төтенше жағдайларға әрқашан дайын болу керек. Сондықтан олардың физикалық даярлығына, моральді ерік-жігерлік қаситеттерін дамытуға көп көңіл бөлінеді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің арасында жиі волейболдан, футболдан, жер үстелдік теннистен жарыс ұйымдастырылып тұрады.
Спортпен шұғылдану және денсаулықты нығайту еңбек қызметінің сәтті түрде ұйымдастырылуына ықпал етеді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Павлодар облысы бойынша филиалы