Қазақстанда жылына жол-көлік апатынан мыңдаған адам қайтыс болып және мыңдаған адам жарақат алады.
Жол көлік апатынан (ЖКА) қайтыс болу себебі көбіне төмендегі факторларға байланысты:
- жарақаттар -20%.
- жедел медициналық көмек көрсету қызметінің кешігуі-10%.
- ЖКА кезінде куәгерлердің көмектеспеуі немесе дұрыс көмек көрсетпеуі -70%.
Егерде ЖКА кезінде дәрігерге дейінгі квалификациялы көмек уақытында көрсетілсе өлім саны азаяр еді. Өкінішке орай өлім саны жарақаттың ауырлығынан ғана емес дәрігерге дейінгі көмектің дұрыс көрсетілмеуінен және айналасындағы куәгерлердің көмектеспеуінен көбейіп жатыр.
Егерде ЖКА болса және онда зардап шеккен адам болса онда төмендегі әдіс-тәсілдер бойынша әрекет етіңіздер:
1. ЖКА орынында қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз!
Көмек көрсетпес бұрын оқиға болған аймақты анықтаңыз, апаттық белгі жарығын қосыңыз және апаттық тоқтау белгісін қойыңыз. Апаттық тоқтау белгісін ауылдық аймақта көліктен 15 метр қашықтықта және ауылдық емес аймақта 30 метр қашықтықта қойыңыз. Бұны зардап шеккен адамды және көмек көрсетуші адамды қорғау мақсатында.
Сіздің әрекетіңіз ойласқан түрде болуы қажет. Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз. Егерде жанар маймен жүретін көлік болса 5 минутта жанып кетеді. Осы кезде жарылу қауіпі бар. Дұрыс емес әрекет зардап шеккен адамның ғана өміріне қауіпті емес, құтқарушы адамның да өміріне қауіпті. Апат болған аймақта әр қашанда сақ болған абзал. ЖКА болған аймақта қауіпсіздікті сақтау мақсатында көлікті сөндіріңіз. Егер жанар май төгілген болса апат болған көліктің қуаттағышын ағытып тастаған дұрыс.
2. ЖКА болған жерге жедел медициналық көмек көрсету бригадасын және құтқару қызметін шақырыныз!
Жедел медициналық көмек көрсету бригадасын дұрыс шақыру үшін хабарлау қажет: апат болған орынды, апаттың қай уақытта болғанын жобамен, неше бала және неше жүкті әйел екенін, зардап шеккендердің жалпы санын, шақырушынын аты-жөнін және телефон нөмірін айту қажет.
ЖКА кезінде көліктің есік және терезесі ашылмаған жағдайда қолда бар затпен ашқан дұрыс. Ол кезде де ашылмаса сындыру қажет, бірақ сақ болған дұрыс, себебі зардап шеккен адам қосымша жарақат алмау үшін. Егер зардап шеккен адам қысылып қалған болса, бірден жарақаттаушы факторды анықтау қажет. Қысылып қалған адамды алып шығу үшін тартылып күш қолдануға болмайды. Егер қысылып қалған зардап шеккен адамды көліктен шығара алмасаңыз, жедел жәрдем және құтқарушылар келгенге дейін сол апат болған көлікте ол адамды қозғамастан көмек көрсете берген дұрыс.
ЖКА кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек:
ЖКА кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек зардап шеккен адамның өмірін немесе денсаулығын сақтап қалуға өте қажет. ЖКА кезіндегі зардап шеккен адамның өмірі дәрігерге дейінгі көмектің дұрыс жасалуына байланысты. Мамандардың айтуы бойынша ЖКА кезіндегі өлім көбіне қан кетуден және тұншығудан болады.
Ең алдымен зардап шеккен адам қандай жағдайда екенін, жағдайын сұрау арқылы білу керек. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз жатса, онда оның тынысын және жүрек соғысын тексеру қажет. Жүрек соғысын ұйқы артериясынан, яғни мойын аймағынан тексереміз. Тыныс алуын айнаның көмегімен, яғни ауызына жақындатып тексереміз. Әлсіз тыныстын өзінде айна буланады.
ЖКА кезінде зардап шеккен адамды көліктен алып шығып жолдың қауіпсіз жағына жатқызу қажет. Алып шығу барысында жарақатты асқындырмау үшін өте сақ болу керек.
Қолды, аяқты, денесін бүгуге болмайды, себебі қосымша жарақат туғызуы мүмкін.
Жамбас және омыртқа жарақаты кезінде қажет болмаса, зардап шегуіні қозғамаған дұрыс. Жарақатты асқындырмау үшін ішіне немесе арқасына жатқызу қажет. Жамбас сүйек жарақаты кезінде тізе буынының астына оралған валик саламыз.
Артық қимылсыз киімін босатып жарақаттанған аймақтарды анықтаймыз. Жарақаттанған аймақты анықтап болған соң, бірден дәрігерге дейінгі көмекке көшеміз.
3. Дәрігерге дейінгі көмек осылай жүргізіледі:
1. Жүрек қызметін және тыныс алуын қалпына келтіру. Тынысы мен ұйқы артериясында пульсі жоқ болған жағдайда жүрекке тікелей емес массаж және жасанды демалу жасаймыз. Бұл үшін зардап шеккен адамды тегіс қатты жерге жатқызып, ауыз қуысын және тыныс алу жолдарын құсықтан, ұйып қалған қаннан және бөгде заттан тазалап жасанды тыныс алуды жүргізеді. Жасанды жүрек массажы зардап шеккен адамнын кеудесін басу арқылы жүргізіледі. Бұл әрекетті зардап шеккен адамға тынысы және жүрек соғысы пайда болғанша жасау қажет.
2. Қысқа уақытқа қан тоқтату. Бұл үшін қан тоқтататың жгутті қолданамыз. Аяқ- қолдың қан кетіп жатқан жерінен жоғары киімге немесе қандайда бір тері үстіне материал қойып жгут саламыз. Жгут салған жерге жгут салған уақытын жазып қалдырамыз. Жгутты қыс уақыттында 30 минутқа дейін, ал жаз айларында екі сағаттан ұзақ салуға болмайды.
3. Сынған және шыққан жерді бекіту. Сынған және шыққан жерлерге шинаны кез - келген материалмен салуға болады. Мысалыға: ағаш немесе темір. Сүйектің жанына шинаны қойып бинтпен таңып тастайды. Таңғыш қатты тартылып оралуы қажет, себебі сынған сүйек қозғалмағаны қажет.
4. Жараны өңдеу және таңу. Жараны өңдеу антисептикалық дәрі-дәрмекпен жүргізіледі.
Зардап шеккен адамның өмірін құтқарып қалу үшін уақытты жоғалтпай бірден осы алгоритм бойынша дәрігерге дейінгі көмекті жүргізу керек. Кез- келген апаттық жағдайларда осы алған ақпараттарыныз қажет болуы әбден мүмкін.
 
Құтқару қызметінің телефоны: 112 кез-келген телефоннан коңырау тегін.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалының шұғыл
медициналық көмек көрсету бөлімінің фелдшері
Овезнепесов Т.Н.