7 Aktobe TMSP 1 Кеше, 22-ші маусымда, Ақтөбе облысындағы «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару пунктінде сағат 15-тен 55 минут өткенде мерзімі жетпеген егіз балаға аяғы ауыр әйелді Ырғыз аудандық ауруханасының акушерінің қадағалауымен облыстық медицина орталығына әкетіп бара жатқандығы жайлы қоңырау келіп түсті. Жолда әйелдің толғағы басталып, шұғыл түрде көмек көрсету керек болып және жақын маңда орналасқан медициналық мекеме тек қана трассалық пункт болды.
Жүктілік мерзімінің ертелігін және көпұрықты жүктілік ерекшеліктерін ескере отырып, санитарлық авиация бортымен облыстық орталықтың мамандарын шақырту шешімі қабылданды. Бірақ олардың бұл шақыртуға шығулары сағат 18-ден 30 минут өткенде деп жоспарланған, ал толғақ болса басталып кетті.
7 Aktobe TMSP 2 Сағат 19:00- де трассалық пункттің фельдшерлері Қарабұтақ отбасылық амбулаториясының гинеколог-дәрігерімен бірге бірінші босандыруды жүзеге асырды. Қыз дүниеге келіп, нәрестенің жағдайы қанағаттандырарлық деп бағаланды.
Сағат 19-дан 40 минут өткенде құрамы: акушер-гинеколог, неонатолог және хирургтен құралған облыстық орталықтың мамандары тікұшақпен трассалық пунктінің тікұшақтық алаңына келіп қонды.
7 Aktobe TMSP 3 Екінші босандыру – сағат 20-дан 05 минут өткенде жүзеге асырылды. Екінші қыз бірнеше рет кіндікке оралып қалды. Мерзіміне жетпей туылғандығына және балалрадың жағдайына байланысты, жаңа туылған нәрестелер арнай мекемеге госпитализацияланды. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты тікұшақтың науқастармен қайта ұшуы мүмкін болған жоқ.
Трассалық пунктке Ақтөбе қаласынан арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсету көлігі шақыртылып, сол көлікпен жаңа туылған нәрестелер жол бойындағы пункттен екі жүз шақырым арақашықтықта орналасқан Қалалық перинатальді орталыққа тасымалданды.
7 Aktobe TMSP 4 Облыстық орталыққа дейінгі жолдың алшақтығы мен жолдың жағдайын ескере отырып, медицина қызметкерлері босанған әйелдің денсаулығына қауіп төндірмес үшін нәрестелерімен бірге автокөлікпен тасмалдауды жүзеге асырмау туралы шешім қабылдады.
Медицина қызметкерлерінің қадағалауымен босанған әйел түні бойы трассалық пунктте болып және 22 маусымдағы таңғы сағат бес жарымда әрі қарай стационарлық жағдайда қажетті медициналық көмек алу үшін санитарлық авиация бортымен эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта жаңа босанған ана нәрестелерімен бірге Ақтөбе қаласының №1-ші Қалалық перинатальді орталығына госпитализацияланып және ондағы дәрігерлердің бақылауына алынды.
Әрине, ауданда жолдың нашар болуы және де медициналық мекеменің алшақ орналасуы екіқабат әйелдердің өмірін қиындатады. Бірақ, қазір көбі қиын жағдайларда қайда бару керек екендігін біледі. Атап өткен жөн, бұндай босандыру жағдайлары трассалық пунктте бірінші рет емес, және де экстремальді жағдайда жарық дүние есігін ашуына қарамастан, ең бастысы, біздің науқастардың бізден сауығып кеттетіндігі!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ