7 Aktobe TMSP 1 Ақтөбе облысындағы трасалық медициналық-құтқару пунктінің 5 жылдық жұмысы барысында кеше ғана орын алған оқиға барлық қатысушылар мен куәгерлердің есінде қалатын болды, себебі бұл тарихи оқиға ТМҚП-нің қызметкерінің бірі – Н.Ш. Шариповтің егіз-қыздарының жарық дүние есігін ашуымен байланысты болып шықты.
7 Aktobe TMSP 2 Қыздардың мерзімінен бұрын жарық дүние есігін ашуы үрей тудырып және Ақтөбе облысы бойынша АМО филиалының облыстың медициналық қызметтерімен, соның ішінде: Ырғыз және Әйтеке - би ОАА, санитарлық авиация қызметтерімен, Ақтөбе қ. №1-ші Қалалық босану үйімен, сондай-ақ «Қарабұтақ» ТМҚП-нің бригадасымен өзара қарым-қатынас орнатып және бірлесе отырып, барлық күш-жігерді салып қызмет етуіне ықпал етті.
Ырғыз ОАА-ның акушер-гинекологінің және күйеуі - «Қалыбай» ТМҚП-нің фелдшері – Н.Ш. Шариповтің бақылауымен Облыстық орталыққа бара жатқан жолда аяғы ауыр әйелдің кенеттен толғағы басталып кетті. Жақын маңдағы медициналық мекеме тек қана «Қарабұтақ» трассалық пункті болды.
7 Aktobe TMSP 3 Н.Ш. Шарипов жағдайға объективті түрде баға беріп және филиалға бұл жағдай туралы хабар берді, содан соң филиалда шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімімен штаб құрылды. Босанып жатқан әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетуді кешіктірмей ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, құрамы: неонатолог, акушер-гинеколог және хирургтен құралған Ақтөбе облысы бойынша санитарлық авиациясы шақыртылды.
Барлық қызметтердің жедел түрде әрекет етуіне қарамастан, егіздердің біріншісі «Қарабұтақ» ТМҚП-де жарық дүние есігін ашып, бұл жағдай барлығымыз үшін тарихи сәт болды. Оның дүниеге келуіне «Қарабұтақ» ТМҚП-нің қызметкерлері, Қарабұтақ ауылының гинекологі қатысты. Бірінші нәресте дүниеге келгеннен соң бір сағат өткен сәтте, артынан екіншісі де жарық дүние есігін ашты. Бұл сәтте санитарлық авиация бригадасы көмекке келіп үлгерді.
7 Aktobe TMSP 4 Балалар, Ырғыз ОАА-ның акушер-гинекологінің бақылауымен Ақтөбе қ. №1 Қалалық перинатальді орталығына жеткізілді және қазіргі уақытта неанотолтардың қарауында болып табылады.
Босанудың II-ші кезеңінің басталуына байланысты босанушы әйел қанағаттандырарлық жағдайымен таңға дейін «Қарабұтақ» ТМҚП қызметкерлерінің және санавиация қызметкерлерінің қадағалауымен трассалық медициналық-құтқару пунктінде болды. Таңертең әйел эвакуацияланып және тікұшақпен Ақтөбе қ. №1 Қалалық перинатальді орталығына жеткізілді.
Барлық медициналық қызметкерлердің күш-жігерінің арқасында, тағы да жол-көлік апатында ғана емес, одан бөлек кез-келген шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін қиын жағдайларда көмекке келетін трассалық-медициналық құтқару пункттерінің қажеттілігі пен тиімділігі тағы бір мәрте айқын көрсетілді.
 
«АМО» ММ Ақтөбе облысы бойынша
филиалының ШМККБ-нің
басшысы И.Есенгалиева