0cmk2 1 Жыл сайын, дәстүр бойынша Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері әлемдік қауымдастықпен 14-ші маусым күні аталып өтілетін
Қан донарының бүкіләлемдік күніне арнап қан тапсыру акциясын ұйымдастырады.
Әрбір адам қан тапсыру арқылы өзге адамның өмірін құтқарып қала алады. Донорлық қан көптеген адамдарға қажет: жол-көлік апатына түскендерге, қылмыстың құрбандарына, хирургиялық операцияны қажет ететін науқастарға, күйік пен жарақаттар алған науқастарға және тағы да басқа көптеген адамдарға қажет.
Жыл сайын мұндай донорлық акцияларға АМО филиалдарының қызметкерлерімен қатар трассалық медициналық-құтқару пункттерінің де қызметкерлері бұл акцияны азаматтық парыз деп қана қоймай, сондай-ақ кәсіби парыз деп те санай отырып, белсенді түрде оған қатысады.
Биылғы жылы донорлық қан қорын 60 литирге жуық қанмен толықтырған АМО-ның 95 қызметкері қан тапсыруға қатысты.
Донор болып кез-келген адам бола алмайды, себебі жасы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша қатаң шектеулер бар. Осы шектеулерді ескерген сәтте, донорлардың потенциалдық үлесі азаяды.
Бұл акция қиындыққа тап болған адамдардың денсаулығын сақтау қалу үшін көптеген адамдардың ерікті түрде және жиі қан тапсырып тұруларына міндетті түрде шақыру болып табылады. Донорлар саны қаншалықты көп болса – құтқарылатын адамдар саны да соғұрлым көп болмақ!
0cmk1 2 0cmk1 3 0cmk2 4
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ