Соңғы уақытта елімізде және тұтастай әлемде жан түршігерлік оқиғаларға жиі куә болып жатырмыз, осыған байланысты адамның қайғы-қасіретке түсуін болдырмау, онымен бетпе-бет қалуына жол бермеу өте маңызды. Осындай ауыр жағдайда эмоциялар мен қайғы-қасіретті уайымдау соншалықты күшті болып, ол адамның өзі онымен күресуі мүмкін емес. Көбінесе, жақындарынан айырылып қалып өткір қайғыға ұшыраған адамдарға, қасында біреу болғаны жөн. Оларды тыңдап, олармен болған оқиға туралы сөйлесу керек. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ (бұдан әрі - АМО) психологтарымен зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетіліп, республика аумағында авариялық-құтқару және құтқару жұмыстарының барысында басқа да шұғыл жұмыстың ажырамас бөлігі ретінде өзін сенімді бекітті.
Психологтарды басқа мамандардан бірінші кезекте, тыңдай білу, тыңдау, түсіну және әңгімені дұрыс құру қабілеті ерекшелейді. Қажетті ресурстарды табатын және оның психикасында қандай процестер орын алатындығын түсіне бастауын көмектесетін маман болып табылады.
АМО психологтарының ең маңызды міндеті ТЖ-дан зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету болып табылады. Психологтардың жұмысы зардап шегушілердің эмоционалдық күйіне байланысты тез шешім қабылдауды талап етеді. Шұғыл психологиялық көмек жедел медициналық көмекпен салыстырылады: тезірек қамтамасыз етілсе, зардап шеккен адам өзінің психикалық денсаулығын сақтауға және қалыпты өмірге қайта оралуына неғұрлым көп мүмкіндік болады. Психологтар барынша сапалы болып, мұқтаж әрбір адамға тез арада психологиялық көмек, қолдау көрсетуі керек. Психологтың жұмысы адамның жандарын «құтқару», әрбір адамға көзқарас жолын табу, сезімталдық пен мейірімділік танытуға арналған.
АМО психологының тағы бір артықшылығы ТЖ-дың салдарын жоюға қатысатын авариялық-құтқару бөлімшелерінің мамандарына көмек көрсету болып табылады. Психиканың жағымсыз үрдістерін анықтау, қызметкерлердің психоэмоционалды жағдайын жақсарту, ТЖ-дың теріс салдарын еңсеру үшін әртүрлі психодиагностикалық және психопрофилактикалық зерттеулер жүргізу, әлеуметтік-психологиялық тренингтер, дебрифингтер, оқу іс-шаралары өткізіледі. Психологиялық дайындық психологиялық қолдау және психологиялық оңалтуды қамтиды. Психологиялық қолдауға өзін-өзі реттеудің қарапайым әдісі болып табылатын аутогендік әдістері жатады (тыныштандыру және жұмылдыру тынысы, бұлшықеттердің босаңсуы, өзін-өзі сенімді ету, өзін-өзі көңдіру, өзін-өзі нығайту және т.б.). Психикалық өзін-өзі реттеу үшін дене еркін бұлшықеттерін босаңсыту, дене тамырларының тонусын бақылау, тыныс алуды қалыпқа келтіру және назарды концентрациялау мақсатында түрлі жаттығулар жүргізіледі.
АМО қызметкерлері мен авариялық-құтқару бөлімшелерінің жұмысы тек дене шынықтыруды ғана емес, экстремалды жағдайларда да моральды-психологиялық тұрақтылықты талап етеді. Сондықтан АМО психологтарының қызметі жыл сайын маңыздылығы артып, қажет болып табылады. АМО психологы өз жұмысын жүргізген кезде, өздерінің кәсіби және ерекше білімдерімен, этикалық принциптерін басшылыққа алып, оны тиісті деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Павлодар облысы бойынша филиалының психологы
Г. Б. Шактаева