30 CMK Teknika 1 Медициналық көмектің уақытылы болуы және науқастың жедел ауруханаға жатқызылуы ауылдық және қалалық тұрғындар үшін ең маңызды мәселе болып табылады.
АМО филиалының аумақтық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен жұмысының арқасында Алматы облысының жергілікті бюджетінен жедел жәрдем көлігін сатып алу үшін қаржы бөлінді.
30 CMK Teknika 4 Машина жабдықтары - стандартты. Ол дефибриллятор - жүрек қызметінің өмірлік қауіпті бұзылуы кезінде жүрек соғу жылдамдығын қалпына келтіруге арналған құрылғы, электрокардиографияға арналған аппарат пен электронды аспиратор науқастың дене қуыстарынан қан ұйығыштарын, тіндік бөлшектер мен газдарды соруға арналған құрал.
Жаңа заманауи машина АМО филиалына зардап шеккендерге жақынырақ көмек көрсетуге және медициналық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді. Өйткені, зардап шекендердің өмірі бригаданың төтенше жағдай орнына тез арада жетуіне тікелей байланысты.
 
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ