31 CMK U4enie 1 2018 жылғы 16 мамырда «Ұлттық Медицина Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің IX Бас Ассамблеясы, «Өмірді сақтап қалу жолындағы апаттар медицинасы!» тақырыбындағы халықаралық конференция басталды.
Конференция шеңберінде «Апаттар медицинасы-2018» арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, оған Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері заманауи технологиялар мүмкіндігін және ықтимал апаттар кезіндегі тактикалық шешімдерді көрсете отырып қатысты.
Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – Алматы қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының даярлығын және олардың төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендердің жаппай келіп түсуі жағдайында Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштерімен өзара әрекет етуін тексеру болып табылады.
31 CMK U4enie 6 Оқу-жаттығулардың түпкі ойы бойынша Алматыда ірі көлемдегі төтенше оқиға орын алды, соның нәтижесінде көп адам зардап шекті. Шартты төтенше жағдайдың медициналық-санитарлық салдарларын жою үшін Апаттар медицинасы орталығы, «Қазавиақұтқару» АҚ және Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының күштері мен құралдары жұмылдырылған болатын.
Оқу-жаттығулардың бақылаушылары ретінде Бүкілресейлік «Защита» апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар Болгария, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің медицина жұмыскерлері қатысты.
31 CMK U4enie 5 Шартты түрде зардап шеккендерге оқиға орнында АМО бригадалары мен 103 қызметтері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Барлық зардап шегушілер қаланың стационарына жеткізілген болатын. Тасымалдауға келмейтін зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін, АМО күштері құрамында қабылдау-іріктеу, госпитальдық және эвакуациялық бөлімшелері, сонымен қатар «Камаз» көшпелі мобильді кешен негізіндегі операциялық-таңу бөлімшесі бар далалық медициналық госпиталын құрған болатын.
Ауыр зардап шеккендерді ТЖ аймағынан мамандандырылған медицина ұйымдарына тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тіқұшағы келді.
Оқу-жаттығуда заманауи технологиялардың мүмкіндіктері мен ықтимал апаттар кезіндегі тактикалық шешімдер назарға ұсынылған болатын. АМО қызметкерлері ТЖ-ды жою кезінде қолданылатын арнайы жабдық пен техниканы көрсетті: мобильді медициналық шатырлар, автокөліктер және тағы басқа.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін, «Апаттар медицинасы қызметі жұмысының халықаралық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті, оған «АМО» ММ басшысы Б.Т. Есқалиев қатысты.
Отырыста төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарларын жою кезіндегі қауіптерді және адам шығынын азайту бойынша міндеттерді шешуде ведомствоаралық және халықаралық өзара әрекет етуді жетілдіру мәселелері талқыланды.
Осындай іс-шаралар республиканың апаттар медицинасы қызметінің даярлығы мен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ