Ағымдағы жылдың 5-ші мамырында Апаттар медицинасы орталығында Отан қорғаушылар күніне орай, қызмет барысында ерекшеленген қызметкерлерді марапаттаумен салтанатты жиын өткізілді.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Отан қорғаушылар күніне орай, ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен – АМО-ның Қарағанды облысы бойынша филиалының ТМҚП-сінің дәрігері Ховрин В.В. марапатталды.
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, жұмыс барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін, Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай:
- «АМО» ММ-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фелдшері Қазанқап Қ.А. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрмет грамотасымен;
- «АМО» ММ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Муса Е.К. және «АМО»ММ-нің Павлодар облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Бахтияров А.А. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Сондай-ақ «АМО» ММ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің жүргізушісі М.М Жанадиловқа және «АМО» ММ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының «Шиелі» трассалық медициналық құтқару пунктісінің фельдшері Н.М. Усайновқа Ішкі істер министрінің алғысы жарияланды.
Барлық әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз! Шын жүректен сіздерге бақыт, бейбітшілік және жақсылық, отбасыларыңызға амандық және молшылық тілейміз. Қайсар және ержүрек азаматтардың мейрамы әрқашан қуаныш пен шаттық әкелсін!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ