16 CMK 1 2018 жылдың 21-ші сәуірінде Алматы облысында орналасқан «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктіне «Алматы-Ташкент» автожолының 207-ші шақырымында ірі жол-көлік апатының орын алғандығы жайлы хабарлама келіп түсті.
Алматы-Шымкент бағыты бойынша жолға шыққан микроавтобус бетонды қоршаумен соқтығысып, нәтижесінде 2 адам қаза тауып және 14 адам зардап шеккен.
16 CMK 2 Оқиға орын алған жерге құрамы 4 адамнан және 1 бірлік техникадан құрылған «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы жедел түрде жолға шықты. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге келген сәтте әр түрлі ауырлық дәрежедегі жарақаттар алған зардап шегуші
7 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ТМҚП-нің бригадасымен Гвардейский ауылындағы 63302 әскери бөлімінің жеке медициналық жасағына жеткізілді.
ТМҚП-нің құтқарушыларымен қаза тапқан 2 адам сыртқа шығарылып және полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Алматы қаласы бойынша филиалы