24 ЦМК АСР 1 2018 жылдың 18-ші сәуірінде Алматы облысындағы Алматы – Ташкент трассасының 127-ші шақырымында Шымкент – Алматы бағыты бойынша қалаарлық бағытта жолға шыққан, ішінде 45 жолаушы болған автобустың жеңіл көлікпен соқтығыса отырып, трассадан шығып кетуі орын алған.
24 ЦМК АСР 2 Бұл туралы дабыл Алматы облысындағы Жамбыл ауданындағы 102 қызметінің кезекшісінен трассадан шығып кеткен автобустағы жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсету және эвакуация жасау үшін «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен.
Эвакуация және шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатымен құрамында 2 фельдшері, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушысы бар медициналық-құтқару реанимобилінде «Тарғап» ТМҚП-нің шұғыл әрекет ету бригадасы жұмылдырылды.
Медициналық-құтқару жұмыстары нәтижесінде қысылып қалған екі жүргізуші шығарып алынды және шұғыл медициналық көмек көрсетілді, Ұзынағаш ауылындағы Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Барлық жолаушылар тексерілуден өтіп, зардап шеккен 2 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Алматы қаласы бойынша филиалы