25 ЦМК КЫС 2017 1 2017 жылдың 9-шы және 10-шы қарашасы аралығында «Апаттар медицинасы орталығы» ММ құрылымдары «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау»тақырыбындағы «Қыс-2017» командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды.
25 ЦМК КЫС 2017 2 Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайыдық деңгейін арттыру және халықты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға азаматтық қорғау құрлымдары мен қызметтерінің даярлығын тексеру болып табылады.
Республикалық оқу-жаттығуға филиалдардан 24 шұғыл әрекет ету бригадасы мен 3 трассалық медициналық – құтқару пункті, жалпы саны 74 адам қатысып, оқу – жаттығуға 22 бірлік техника тартылды.
25 ЦМК КЫС 2017 3 Дайындық кезеңінде жеке құрамға қысқы кезеңде зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша инструкторлық – әдістемелік сабақтар өткізілді; ТМҚП мен филиалдардың кезекші-диспетчерлік пункттері байланыс жүйесінің үздіксіз әрі тұрақты түрдегі жұмысының даярлығы тексерілді;шұғыл әрекет ету бригадасының жергілікті басқарма органдарымен өзара қарым-қатынасы ұйымдастырылды; қызқы кезеңдегі мүмкін болатын төтенше жағдайларға филиалдардың күші мен құралдарының шұғыл түрде әрекет етуге даярлығы туралы сұрақтар қарастырылды.
25 ЦМК КЫС 2017 4 «Қыс-2017» оқу-жаттығуы барысында «АМО» ММ құрылымдары электроэнергетикалық байланыс жүйесіндегі аварияны жою әрекетіне, сумен қамту бойынша, өрт сөндіру бойынша, жол-көлік апатына, қар басып қалған кезде зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялауға қатысты.
Сол кезде шартты түрде зардап шеккен 41 адамға медициналық көмек көрсетіп, 4-уін госпитализациялады, шартты түрде зардап шеккен 2 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
«АМО» ММ құрылымдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша тапсырмаларды орындау мен шұғыл әрекет ету бойынша жоғары дәрежедегі даярлықта екендіктерін көрсетті.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ