10 CMK 1 2018 жылдың 10-шы және 11-ші сәуірі аралығында Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі, дәрігер Честнов Олег Петрович Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Астана – Қарағанды – Алматы тас жолдары бойында орналасқан трассалық медициналық-құтқару пункттеріне барып қайтты.
10 CMK 4 Честнов О.П. Қарағанды облысындағы «Ақсу - Аюлы», Алматы облысындағы «Құрты» трассалық медициналық құтқару пункттерінің жұмысымен танысты. Трассалық пункттерді аралап шығу кезінде, трассалық медициналық құтқару пунктінің: медициналық және құтқару құрылғыларымен жабдықталуы таныстырылды.
ДДСҰ-ның өкілі трассалық пункттердің қызметі медициналық бригадалардың жол-көлік оқиғасы орын алған жерге келу уақытын қысқартуға, уақытылы медициналық көмек көрсетуге және оның тиімділігін артыруға, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің өлім-жітім санын азайтуға әсер ететіндігін атап көрсетті.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ