18 CMK DOD 1 2018 жылдың 6-шы сәуірінде, ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалында 12 мамыр «Медбикелер» күніне орай, «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күніне» Қызылорда медициналық колледжінің студенттері шақырылды. «Ашық есік» күніне медициналық колледждің 49 студенті қатысты.
18 CMK DOD 2 Шара барысында студенттерге Төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары көрсетілді. Студенттер Апаттар медицинасы туралы сұрақтар қойып, оларға жеткілікті жауаптар алды. Медицина қызметкерлерімен бірге медициналылық құрал-жабдықтарын дұрыс қолдануды үйренді.
18 CMK DOD 3 Студенттер Апаттар медицинасы қызметкерлерінің жұмысымен танысып, қызығушылық танытты. Студенттерге Апаттар медицинасы орталығының тарихы жайында және күре жолдық медициналық құтқару бекеттері туралы айтылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар көрсетілді.
«Ашық есік күні» жиынының соңында студенттерге Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің күнделікті атқаратын қызметтері, олардың адам өміріндегі маңызды рөлі жайында айтылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Қызылорда облысы бойынша
филиалының фельдшері
Мирамбекова А.