12 СЦМЛ 1 Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бригадалары су тасқынының бастапқы кезеңінен бастап, тәулік бойы су тасқынынан зардап шегушілерге медициналық-психологиялық көмек көрсете отырып жұмыс жасауын одан әрі жалғастыруда.
12 СЦМЛ 2 Өткен аптада АМО-ның бригадалары Глубокое, Шемонаиха, Зырян аудандарындағы және Семей қаласындағы зардап шегуші халыққа, сондай-ақ ТЖ Комитетінің авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлеріне де медициналық және психологиялық көмек көрсете отырып жұмыс істеді.
11 CMKKK 2018 жылдың 3-ші сәуіріндегі жағдай бойынша, қаралған 94 адамға медициналық көмек көрсетіліп, соның ішіндегі 33-ші бала болған. Көбінесе адамдар тұмау тию симптомдарына және созылмалы ауруларының асқынуына шағым жасайды.
Психолог-мамандар болса халыққа психологиялық және моральді тұрғыда көмек көрсетуде. Стресстік реакцияны шешу мақсатымен АМО-ның психологімен 48 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетілген, соның ішіндегі 25-і бала болған. 13 аула аралау жүзеге асырылған.
Шұғыл психологиялық көмек көрсету және халықты ақпараттандыру мақсатымен «Шұғыл желі» телефоны ұйымдастырылған және қазіргі уақытта да қызмет атқаруда.
Медицина қызметкерлері мен психологтар тікелей өздеріне қаралған барлық адамға көмек көрсетуді жалғастыруда. Құрамы тәжірибелі мамандардан құралған бригадалар қажетті құрылғылармен, медициналық дәрі-дәрімектермен және де таңу материалдарымен жабдықталған.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ