33 CMK Xan Shatyr 2018 жылғы 30 наурызда Астана қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауда орталығында «Астана! Бірге жарқынбыз!» атты үлкен Экологиялық фестивал өткізілді. Оған қаламыздың 100 мектебінен және 11 қосымша білім беру мекемелерінен барлығы 4000 бала қатысты.
Фестиваль кезінде балаларды үйретуге арналған 17 мастер-класс ұйымдастырылып, солардың бірін АМО-ның Астана қаласы бойынша филиалының медициналық қызметкерлері және психолог-қызметкері ұйымдастырды.
33 CMK Xan Shatyr Бүгін қаламыздың мектеп оқушылары мен студенттері - жүрекке тікелей емес массаж жасауды, қан кетуді тоқтатуды, жарақат алып сыну болған жағдайда көмек көрсетуді, төтенше жағдайлар қызметі жұмыстары барысында қандай заттарды қолданатындығы жайлы, адам көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік үшін өзін-өзі дұрыс ұстай білу сияқты және дәл сондай басқа да ақпараттарды білді.
12 CMKL Балаларды алғашқы көмек көрсетуге үйрету ешқашан кеш емес. Бала есейген сайын, алғашқы көмек көрсету жайлы соғұрлым тереңірек білім алуы керек. Әрбір адам аз болсада шұғыл көмек көрсете білуі қажет, себебі қиын жағдайларда бұл біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін ғой.
Мектеп оқушылары көп қызығушылық танытты, себебі оқу-жаттығулар кітаптағы теорияға қарағанда танып білу үшін зор көмегін тигізеді.
Әрбір баланың сау болуға және өз өмірін сақтап қалуға ниеті күшеюі керек, ал үлкендердің мақсаты олардың дұрыс таңдау жасауына және оларды қиын емес істерге, яғни өмірлері мен денсаулықтарын сақтап қалу бойынша өте пайдалы дағдыларға үйрету болу қажет.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ