13 CMK VKO Pomosh 1 Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында Зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету мақсатымен құрамы 7 медицина қызметкері мен психолог және 2 бірлік техникадан құралған, дәрілік заттармен және медициналық құрылғылармен жабдықталған «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының 2 медициналық бригадасы жұмылдырылды.
2018 жылғы 27 наурызда бригадалар Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Глубокое, Прогресс және Белоусовка ауылдарында, ал 28-ші наурызда – Шемонаиха ауданындағы Выдриха, Верх-Уба ауылдарында, Глубокое ауданындағы Предгорное және Алтайский ауылдарында медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
13 CMK VKO Pomosh 2 Сол сәтте эвакуационды пункте болған зардап шегуші 62 адам тексерілуден өткізіліп, оның 26-і бала болды. Негізінде адамдар суық тиюге, артериальдық қысымның жоғарлауына және стресстік жағдайлардың орын алуына жиі шағымданады.
13 CMK VKO Pomosh 3 АМО-ның психологімен 18 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетіліп, оын ішінде 7-еуі бала болды. 10 аула аралау жүзеге асырылды.
Су тасқыны жағдайының орын алуына орай ТЖ аумақтық департаментінің көмегімен халыққа ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу мен психологиялық көмек көрсету мақсатымен «шұғыл желі» телефоны жұмыс жасай бастады. Психологтің «Шұғыл желі» арқылы кезекшілік етуі барысында барлығы 9 қоңырау қабылданған: 5 абонентпен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілген, 4 – шұғыл психологиялық көмек көрсетілген.
Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бригадалары мен психологінің үйлерін су басқан тұрғындарға медициналық-психологиялық көмек көрсету бойынша жасалып жатқан жұмыстары одан әрі жалғасуда.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ