7 CMK Pozhar Ағымдағы жылдың 13-ші наурызында Астана қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының кезекші диспетчеріне Юго-Восток аймағындағы, Б.
Момышұлы даңғылына жақын маңдағы, Сырымбет, 30 көшесінде коттеджде орын алған өрт жайлы хабарлама келіп түсті.
Құрамы медицина қызметкерлері мен психологтардан құралған бригада ТЖ орын алған жерге шұғыл түрде шықты.
Оқиға орын алған жерге жеткен сәтте, жеке меншіктегі мекеменің бірінші қабатында орналасқан техникалық қамтамасыз ету станциясының өртке оранғандығы туралы анықталды. Оның бірінші қабаты ТҚС орналасқан, екінші қосалқы бөлме, ал үшіншісі тұрғын үй ретінде қолданылған. Өртке орану көлемі шамамен 500 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіру барысында әйел адам мен 8 жастағы баланың мүрдесі табылған.
Қаза тапқандардың туыстары мен жақындары өрт болған жерде стрестік жағдайда болды.
АМО-ның психологтары қаза тапқан адамдардың туыстарымен, олардың бойындағы психоэмоциональді апатия мен паникалық реакцияларды, қобалжу мен қорқыныш сезімдерін жою мақсатымен психологиялық жұмыстар өткізді.
Психологиялық жағдай тұрақталған соң, медициналық-психологиялық бригада тұрғылықты мекен-жайларына оралды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ