8 CMK 1 ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша филиалы Курск қаласындағы шұғыл және жедел көмек көрсету бойынша ІІІ Халықаралық практикалық олимпиадаға Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің V курс студенттері командасын дайындауға белсене қатысты.
Филиалда қазіргі заманғы интерактивті манекендермен жабдықталған, әр түрлі шұғыл жағдайларды модельдеуге мүмкіндік беретін, автоматтық режимде орындалатын манипуляциялардың дұрыстығын бағалауға арналған жаттығу класы бар.
8 CMK 2 Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттеріне арналған жабдықталған сабақ сыныбында «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек» тақырыбында сабақтар өткізілді, әр түрлі бағдарламаланатын сценарийлерде интерактивті манекендерде ситуациялық есептер мен практикалық дағдыларды үйренді.
2018 жылдың 2-3 наурызда Курск мемлекеттік медицина университетінде III Халықаралық практикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Ресейдің, Украинаның және Қазақстанның түрлі қалаларынан 34 команда қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің командасы V курс студенттерінен құралған.
Бұл жоба 2014 жылы кең ауқымды симуляциялау идеясы бойынша басталды, онда медицина мамандарының аға оқытушылары құтқарушылардың рөлін, кіші-ауқымды апаттан зардап шеккен адамдардын рөлін атқарады. Жобаның мақсаты студенттерді төтенше жағдайларда клиникалық суреттерге баса назар аудара отырып бірінші көмек көрсетуге баулу. 2015-2016 оқу жылы жоба заманауи пішінге ие болды. Олимпиада командалық рухты, жылдам және инновациялық ойлау, практикалық дағдыларды кең ауқымды дамуына жаттықтырады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина университеті командасы «Төтенше жағдайлар аймағына жәрдемдесу» номинациясында 4 орынды иеленіп, диплом алды.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры ҚММУ студенттер тобын дайындауға белсенді атсалысқаны үшін ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Қарағанды облысы бойынша филиалының барлық қызметкерлеріне алғыс білдіре отыра «Алғыс хатпен» марапаттады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалы